2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 88-бабының 4-1 - бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы А.Х. Базылбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
________________ Ж. Асанов
2017 жылғы 10 маусым
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 375 бұйрығымен бекітілген |
Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидалары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі (бұдан әрі - ҚАК) 88-бабының 4-1-бөлігіне сәйкес әзірленген және сотталғанды қылмыстық-атқару жүйесінің бір мекемесінен (бұдан әрі - мекеме) басқа сол түрдегі мекемесіне әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру тәртібін айқындайды.
2. Сотталғанды сол түрдегі басқа мекемеге әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру (бұдан әрі - ауыстыру) қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) жазбаша нұсқауы (бұдан әрі - нарядтар) негізінде жүзеге асырылады.
3. Сотталғанның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары мен туыстары (бұдан әрі - туыстары) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің 1-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ауыстыру мәселелері бойынша өтініштерді жолдау және қарау
4. Ауыстыру мәселесін қарау үшін сотталғанның немесе оның туыстарының өтініштері (бұдан әрі - өтініш) негіз болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2021 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Ауыстыру мәселесіне бастамашылық еткен туыстары өтінішке олардың:
1) жеке басын куәландыратын;
2) сотталғанмен туыстық байланысын растайтын;
3) алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Егер сотталған өзін ауыстыру туралы өз бетінше жүгінген жағдайда, онда өтініште құжаттарды қоса бере отырып, әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын туыстары көрсетіледі.
7. Өтінішке қоса берілген өзге де құжаттар қаралмайды және өтінішке берілетін жауаппен қоса кері қайтарылады.
8. Өтінішті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі - ӘРПК) сәйкес ҚАЖ комитеті қарайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2021 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. ҚАК-ның 88-бабы 4-1-бөлігінің талаптарына сәйкес сотталғанды ауыстыру оның келісімімен, заңды күшіне енген сот үкімі немесе сот қаулысы болған кезде жүргізіледі.
10. Мекеме әкімшілігі сотталғанға ҚАК, ӘРПК, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарын түсіндіреді және қажет болған кезде оған құжаттармен толықтыруды немесе өтініштің мазмұнын түзетуге ұсыныс жасайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2021 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Сотталғанның өтініші және оған қоса берілген құжаттар мекеме әкімшілігі арқылы ҚАЖ комитетіне өтінішті мекеме әкімшілігі алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады.
Мекеме әкімшілігі сотталғанның өтінішіне мынадай құжаттарды (еркін нысанда):
сотталғанның жеке ісі бойынша анықтаманы;
сотталғанның басқа мекемеге ауысу мүмкіндігі туралы медициналық анықтаманы;
сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары туралы анықтаманы қоса береді.
ҚАК-ның 95-бабымен белгіленетін мінез-құлқы оң дәрежелі емес немесе теріс мінез-құлық дәрежесіне ие сотталған ауысу туралы өтініш жолдаған жағдайда құжаттарға қосымша сотталғанның ҚАК-ның 88-бабымен және осы Қағидалармен танысқаны туралы еркін нысанда қолхаты қоса беріледі.
12. Ауыстыру мәселесі бойынша сотталғанның немесе туысының өтініші бойынша мекеме әкімшілігі сотталғанның көрсетілген туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланысының бар-жоғын (кездесулер, сауқаттар (бандерольдер), хат алысулар, телефон арқылы сөйлесулер) тексереді.
13. Мекеме әкімшілігі жарты жылда кемінде бір рет сотталғандардың қандай адамдармен әлеуметтік пайдалы байланысты қолдайтыны туралы мәліметті анықтау мәніне сауалнама жүргізеді және сотталғандардың жеке істеріне түзетулер енгізеді.
3-тарау. Өтініш бойынша шешім қабылдау және сотталғанды ауыстыру
14. Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары ҚАЖ комитетінің Арнайы есепке алу бөліміне мекемелердегі орын лимиті мен толтырылуы туралы мәліметтерді еркін нысанда күн сайын ұсынады.
15. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 29.09.2021 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Өтінішті қарау кезінде мынадай негізгі өлшемшарттар сақталады:
сотталғанның теріс мінез-құлық дәрежесінің болмауы;
ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталғанның оң мінез - құлық дәрежесінің болуы;
әлеуметтік пайдалы байланысын растайтын құжаттардың болуы;
кездесулер, хат алысулар, телефон арқылы сөйлесулер, сауқаттар (бандерольдер) жіберу арқылы әлеуметтік пайдалы байланысын растауы;
мекеменің тиісті түрінің болуы;
туыстарының тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі кемінде алты ай болуы;
осы мекеме үшін бекітілген лимит шегінде мекемеде орындардың болуы.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 27.02.2020 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Мекеме әкімшілігі ҚАЖ комитетінің ауыстыруға нарядын алғаннан кейін, бір тәулік ішінде сотталғанды онымен таныстырады және оны басқа мекемеге ауыстырады.
18. ҚАК-ның 88-бабының төртінші бөлігіне сәйкес мекемеде құқықтық тәртіпті ұстану үшін ауыстырылған сотталған егер осындай ауыстыруға себеп болған негіздер болмаса, ауыстыруға жатады.
19. ҚАК-ның 88-бабының үшінші немесе төртінші бөліктері негізінде жіберілген немесе ауыстырылған сотталған ауыстыру туралы өтініші ҚАЖ комитетіне келіп түскен күні тиісті мекемеде орын болған кезде осы Қағидаларға сәйкес ауыстыруға жатады.
20. Қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу немесе мекемеде құқықтық тәртіпті ұстап тұру үшін бұрын жіберілген немесе ауыстырылған сотталғанды ауыстыру мәселелері бойынша өтініштер осындай ауыстыруға бастамашылық еткен ҚАЖ комитетінің жедел қызметі оны қарайды және ол бойынша шешім шығарады.
21. ҚАК-ның 96-бабына сәйкес мекеме түрі қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге өзгертілген сотталғанды мекеме әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын туыстары тұратын облыстағы немесе бұрынғы не босатылғаннан кейін оның таңдауы бойынша болжамды тұрғылықты жеріндегі қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде орын болған жағдайда өз бетінше ауыстырады.
Ұстау орны болмаған жағдайда сотталған әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын туыстарының тұрғылықты жеріне немесе бұрынғы не босатылғаннан кейінгі болжамды тұрғылықты жеріне жақын орналасқан қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстырылады.
22. Сотталғанды басқа мекемеге ауыстырғаннан кейін оның жеке ісіне оны мекеме орналасқан облыстың тұрғынына жатқызу бөлігінде түзетулер енгізіледі.
4-тарау. Сотталған адамды ауыстыру кезегіне қою және алып тастау
Ескерту. Қағида 4-тараумен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. ҚАЖ комитеті мекемелерде бос орындар болмаған кезде өтінішті қарау қорытындылары бойынша ҚАК-тың 88-бабы 4-1-бөлігінің және осы Қағидалардың басқа талаптарына сәйкес болған жағдайда, сотталған адамды ауыстыру және оны кезекке қою туралы шешім қабылдайды.
24. Қабылдайтын мекеменің әкімшілігі сотталған адамды ауыстыруға ҚАЖ комитетінің нарядын алғаннан кейін кезектілікті сақтаумен оны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізіміне (бұдан әрі - Тізім) қоюды жүзеге асырады.
Сотталған адамды Тізімге қою оның келісімі бойынша жүзеге асырылады.
25. Бос орын пайда болған күні қабылдайтын мекеменің әкімшілігі Тізімде келесі болып тұрған сотталған адамның мінез-құлық дәрежесі ҚАК-тың 88-бабы 4-1 бөлігінің талаптарына сәйкестігіне көз жеткізеді, сондай-ақ ҚАЖ комитетінің нарядында көрсетілген әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамның тіркелуін тексереді.
26. Қабылдайтын мекеменің әкімшілігі осы Қағидаларда айқындалған шараларды жүзеге асырғаннан кейін, сотталған адамды Тізімге сәйкес этаппен жөнелту үшін бұл туралы ол ұсталатын мекеменің әкімшілігіне және ҚАЖ комитетіне хабарлайды.
27. Сотталған адам Тізімнен мынадай жағдайларда:
қайтыс болғанда;
босатылғанда;
мекеменің түрін өзгерткенде;
әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында не ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 1), 3), 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша басқа мекемеге ауыстырғанда;
ол әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамның тіркелген жері бойынша нақты тұрмауы;
ауыстыруға кезек келген күні онда теріс мінез-құлық дәрежесінің болуы;
ауыстыруға кезек келген күні ҚАК-тың 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасы бойынша ауыстырылған сотталған адамда оң мінез-құлық дәрежесінің болмауы;
ол басқа мекемеге ауыстырудан жазбаша бас тартқанда алып тасталады.
Сотталған адамды Тізімнен алып тастау туралы шешімді сотталған адамды немесе оны ауыстыруға бастама жасаған туысын бір мезгілде хабардар етумен ҚАЖ комитеті қабылдайды.
Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру қағидаларына қосымша |
Мекеменің ауыстырылатын сотталған адамдарының тізімі № мекемесі
Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Сотталған адамның ТАӘ (бар болса) | Наряд күні | Наряд № | Жіберетін мекеме | Қабылдайтын мекеме | Нарядты орындау күні мен белгісі | Өтініш иесінің ТАӘ, ЖСН (бар болса) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |