Техникалық кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 561 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15404 болып тіркелді

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 561 бұйрығына
қосымша

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға
2017-2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтардың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

.

Республикалық жоғары медициналық колледжі

225, оның ішінде 75 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

100, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар, "Массажист" біліктілігімен 16 орыс тілінде білім алушылар

Зертханалық диагностика, "Медициналық зертханашы" біліктілігі

50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

50 орыс тілінде білім алушылар

Гигиена және эпидемиология, "Гигиенист эпидемиолог" біліктілігі

25 қазақ тілінде білім алушылар

2.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

150 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

50 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

50 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

"Мейіргер ісі" мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат

25 қазақ тілінде білім алушылар

3.

"Эмили" медициналық орталығы

25 орыс тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

25 орыс тілінде білім алушылар


О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием на 2017-2018 учебные год

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 561. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2017 года № 15404.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 7 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения", в целях реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 386 "Об утверждении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим и послевузовским образованием, а также с техническим и профессиональным, послесредним образованием в организациях образования, финансируемых из республиканского бюджета (за исключением организаций образования, осуществляющих подготовку специалистов для Вооруженных сил, других войск и воинских формирований, а также специальных государственных органов), на 2017 - 2018 учебный год" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Разместить государственный образовательный заказ на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием в организациях образования в области здравоохранения на 2017-2018 учебный год согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту науки и человеческих ресурсов Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление в одном экземпляре его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в периодические печатные издания и Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      4) доведение настоящего приказа до сведения организаций образования в области здравоохранения;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Актаеву Л. М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      
      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
Е. Биртанов

  Приложение
к приказу Министра
здравоохранения Республики
Казахстан
от 27 июля 2017 года № 561

Государственный образовательный заказ на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним образованием

на 2017-2018 учебный год

№ п/п

Организации образования в области здравоохранения

Количество выделенных мест

Наименование специальностей

Количество выделенных мест по специальности

1

2

3

4

5

1.

Республиканский высший медицинский колледж

225, в том числе 100 с казахским языком обучения

Сестринское дело

100, из них с казахским языком обучения – 50, с квалификацией "Массажист" – 16 с русским языком обучения

Лабораторная диагностика, квалификация "Медицинский лаборант"

50, из них с казахским языком обучения – 25

Прикладной бакалавриат "Сестринское дело"

50 с русским языком обучения

Гигиена и эпидемиология, квалификация "Гигиенист эпидемиолог"

25 с казахским языком обучения

2.

Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия

150 с казахским языком обучения

Лечебное дело

50 с казахским языком обучения

Фармация

50 с казахским языком обучения

Сестринское дело

25 с казахским языком обучения

Прикладной бакалавриат "Сестринское дело"

25 с казахским языком обучения

3.

Медицинский центр "Эмили"

25 с русским языком обучения

Сестринское дело

25 с русским языком обучения