Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және
коммуникациялар министрі
_______________ Д. Абаев
2017 жылғы 10 шілде
Қазақстан Республикасы Ұлттықэкономика министрінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 268 бұйрығына қосымша |
"Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары ақпарат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Порталда мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi – 15 (он бес) минуттан артық емес.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша электронды түрдегі кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама беру.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
9. Көрсетілген қызметті алушылар порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа санын және жылдық орташа табысын есептеу қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1091 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй, 7-кіреберіс мекенжайы бойынша беріледі.
Шағым пошта, портал арқылы жазбаша нысанда растаушы құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде қоса отырып не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекенжайы;
заңды тұлғаның – оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі көрсетіледі.
Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қаралғаны немесе қараудан бас тартылғаны туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқығы бар.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда
ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсететін порталдың мекенжайы - www.elicense.kz.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.economy.gov.kz сайтында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет стандартына қосымша Нысан |
Министерство национальной экономики | Ұлттық экономика министрлігі |
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты туралы анықтама
Субъектініңатауы: [субъектінің атауы]
ЖСН/БСН: [субъектінің ЖСН/БСН]
Қызметтің түрі: [Қызметтің түрі]
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан: [субъектінің ҰҚН]
Санат: [субъектінің санаты]
Жарамдылығы: [анықтаманың жарамдығы]
[мүдделі тұлға]