"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіп және онда сотталғандарды ұстау тәртібі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 432 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 655 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9844 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (28472) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) мемлекеттік тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрiнiң бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсiн.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлiгiнде жеткiзiлсiн.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі ________________ Қ. Қасымов 2017 жылғы 10 тамыз |
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник ______________ С. Жасұзақов 2017 жылғы 3 тамыз |