"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1023 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12804 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидалар сертификатталған ең жоғары ұшу массасы бес мың жеті жүз килограмнан асатын ұшақтарды және (немесе) бір немесе бірнеше турбореактивті қозғалтқыш пен жарақтандырылған ұшақтарды, сертификатталған ең жоғары ұшу массасы үш мың бір жүз сексен килограмнан асатын тікұшақтарды пайдаланатын жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларға (бұдан әрі – пайдаланушы) ұшуға рұқсат беру тәртібін айқындайды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Уәкілетті орган өтінім берілген сәттен бастап жиырма жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қарайды.";
9 және 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті орган өтініш берушінің сертификатталған ұшу әуе кемелері техникалық пайдалануға және ұшуды орындауды қамтамасыз ету үшін қажетті, дайындалған персоналы, құжаттамасы, жабдықтары болуын, сондай-ақ міндетті сақтандыру түрлерінің болуын тексеруді сегіз жұмыс күні ішінде жүргізеді.
10. Тексеру нәтижелері бойынша пайдаланушыны тексеру Актісі (бұдан әрі - Акт), осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, екі данада, өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйін, пайдаланушыны ұшуға жіберу не жібермеу туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, төрт жұмыс күн ішінде жасалады. Актіге Комиссия мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.";
Мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Актіні алғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұшуды орындау құқығы бар куәлік беруді жүзеге асырады.
Ұшуға рұқсат берілмеген туралы шешім қабылданған кезінде дәлелді бас тарту жібереледі.";
15-1-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"15-1. Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тарту:
1) өтініш беруші жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға жіберу қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген;
2) өтініш берушіге қатысты оған мұндай ұшуды орындауға тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда жүргізіледі.
Ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартуға сотқа шағым жасалуы мүмкін.";
3-тарау мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
"3-тарау. Ұшуға рұқсат беру куәлігін қолданысын тоқтата тұру және оны қайтадан басталу.
16. Уәкілетті орган ұшуды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын:
1) әуе кемесін пайдаланушы (оның иесі) осы қағидаларда белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамаған;
2) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарының талаптарына сәйкес сақтандыру қамтамасыз етілмеген;
3) Заңның 16-3-бабында көзделген бұзушылықтар анықталған;
4) пайдаланушының жазбаша өтініші болған жағдайларда тоқтата тұрады.
Осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган, ұшуды орындау құқығына арналған куәлікті тоқтата тұру туралы хабарламаны, бұзушылықтар анықталған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде, пайдаланушыға жазбаша түрде жібереді.
17. Пайдаланушы, хабарламаны алғаннан кейін, жеті жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі - жоспар) уәкілетті органға жолдайды.
18. Уәкілетті орган пайдаланушы жоспарының белгіленген мерзімде орындалуын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Жоспардың орындалуын тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті органға бес жұмыс күндік мерзімде:
жоспар орындалған жағдайда ұшу құқығын беру куәлігі қолданысын жаңғыртады.
жоспар орындалмаған жағдайда ұшуға жіберуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
19. Жалпы авиациялық пайдаланушыны қайта рәсімдеу немесе бас тарту бойынша шешімді, уәкілетті орган пайдаланушыға тексеру аяқталған уақыттан бастап үш жұмыс күндін мерзімде жазбаша түрде хабарлайды.".
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 27 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 396 бұйрығына № 1 қосымша |
|
Жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушыларды ұшуға рұқсат беру қағидаларына 2-қосымша |
Ұшуды орындауға рұқсат алу өтініміне қоса берілетін құжаттар тізбесі
1. Өтініш берушінің ақпараты мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің тіркелген атауы;
2) өтініш берушінің негізгі қызмет орнының мекенжайы;
3) өтініш берушінің негізгі қызмет орнының, елдің кодын қоса алғанда, телефон нөмірі мен факсі, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;
4) жоспарланған ұшу түрлері;
5) әуе кемелері бойынша деректер;
6) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
7) ұшуды қамтамасыз ету.
2. Ұйымдастыру құрылымы, штаттық кестесі.
3. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей байланысты басшылық құрамы мен мамандар жөніндегі деректер.
4. Командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер.
5. Ұшуды орындау жөніндегі нұсқау.
6. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқауы.
7. Ұшуды қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері.
8. Пайдаланушының басшысымен бекітілген әуе кемелері бояуының және мәтіндік сипаттамасының үлгілері.
9. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы.
10. Халықаралық ұшуға арналған құжаттар (орындау кезінде).
11. Пайдалану ерекшеліктерінің жобасы.
12. Әуе кемесін экипажсыз жалға алуға арналған шарттардың (келісімшарты) көшірмелері (жалға алуға арналған әуе кемесі бар болса).