"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 249 (28727) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын берудің жалпы мерзімі – өтінім берілген сәттен бастап алпыс төрт жұмыс күні.";
9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтiнiмдi алғашқы рет беру алдындағы кезең өтініш берушінің уәкілетті органға пайдаланушының сертификатын алу ниеті туралы алдын ала жүгінуін көздейді, онда оған ұшулардың рұқсат етілген түріне, өтінімді қарастырған кезде қолданылатын рәсімдерге және өтініш беруші ұсынатын мәліметтерге қатысты толыққанды ақпарат беріледі.
Өз кезегінде, өтiнiш беруші алдын ала бағалау үшін пайдалануға жоспарланатын әуе кемелерінің түріне, оның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы-экономикалық жағдайына және ұсынылатын тасымалдауларға сәйкес келетін маршруттардың құрылымына, тасымалдаулардың жоспарланатын рентабельдiгiне, бiлiктi персоналдың бар болуына, қажеттiлiктерге немесе сұранысқа ие және қоғам мүдделеріне жауап беретін қызмет көрсетудің деңгейіне қатысты ақпаратты ұсынады.
10. Уәкілетті орган жүгінген күннен бастап он жұмыс күні мерзімінде өтініш берушіге алдын ала бағалау нәтижелері бойынша оң немесе теріс қорытынды туралы хабарлайды. Оң қорытынды пайдаланушыны сертификаттауға дайындауды бастау үшін негіз болып табылады.
11. Өтініш беруші ұшуларды орындауды бастаудың жоспарланған күніне дейін алпыс төрт жұмыс күні мерзімінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкілетті органға өтінімді жібереді.";
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Өтінім мен құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті органмен өтініш берушіге сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім жіберіледі және оны өткізу үшін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның мемлекеттік авиация инспекторлары қатарынан Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
17. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге сертификаттық тексеруді мемлекеттік авиация инспекторлары үшін уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, пайдаланушының белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне, оның ішінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның қаржы-экономикалық жағдайына жүзеге асырады.";
20, 21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада Сертификаттық тексеру актісі (бұдан әрі - Акт) жасалынады, онда өтініш беруші объектілерінің нақты жай-күйі, қорытындылар, ұсынымдар мен пайдаланушының сертификатын беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды көрсетіледі. Актіге бір күннің ішінде Комиссияның мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге беріледі.
21. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш санатқа бөлінеді:
1-санат, 2-санат және 3-санат.
1-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
2-санатқа азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санатқа қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.
3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен пайдаланушы сертификатының қолданысын шектейді.
2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде уәкілетті орган:
1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық зерттеп-қарау нәтижелерімен танысқан кезден бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады;
2) өтініш беруші ұсынған анықталған сәйкессіздікті жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.
Өтініш беруші түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімді өзгерту қажеттілігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, уәкілетті орган оны ұзартады.
1-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.
22. Уәкілетті орган пайдаланушының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.
Егер өтініш беруші түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, 2-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 3-санаттағы сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады және уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын беруден бас тартады немесе бұрын берілген пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алады.
23. Пайдаланушы сертификатын беру үшін пайдаланушы сертификатын беру туралы қорытындысымен сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні мерзімде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушының сертификатын ресімдеуді және беруді жүргізеді.";
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Егер:
1) өтініш берушіге қатысты қызметтердің осы түрлерін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болса;
2) Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту туралы қорытындысы бар сертификаттық тексеру актісі пайдаланушының сертификатын беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
26. Уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап, мерзімі үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді бас тартуды жібереді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Заңның талаптарын бұзу дәрежесіне қарай, тұрақты қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бірінші және екінші деңгейдегі бұзушылықтар болып бөлінеді.
Заң талаптарын ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.
Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Заң талаптарының барлық бұзушылығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Осы Қағидалардың 28-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, уәкілетті орган пайдаланушының анықталған бұзушылықтарды жою сәтіне дейін тоқтата тұру себептерін көрсете отырып, пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады.
Инспекторлық ұйғарым берілген немесе тексеру нәтижелері туралы актімен танысқан күннен бастап он жұмыс күні мерзімде пайдаланушы уәкілетті органға бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын және бұзушылықтар жойылғаннан кейін жоспармен белгіленген мерзімдерде растайтын құжаттаманы қоса бере отырып, түзету іс-қимылдарының орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Егер пайдаланушы жоспарда белгіленген мерзімдерде пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға душар еткізген анықталған бұзушылықтарды жоймаса, уәкілетті орган пайдаланушы сертификатын қайтарып алады. Пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтату осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген барлық жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады, одан кейін уәкiлеттi орган пайдаланушының сертификатын кері қайтарып алады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Уәкілетті орган пайдаланушы сертификатының қолданылуын қайта қалпына келтіру немесе қайта қалпына келтіруден бас тарту туралы шешімді тексеру аяқталған сәттен бастап, үш жұмыс күні мерзімде пайдаланушыға жазбаша нысанда хабарлайды.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Уәкілетті орган қайтарып алу туралы шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні мерзімде бұл туралы ИКАО хабарлайды (халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын пайдаланушы үшін).";
38, 39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Пайдаланушы атауының, оның мәртебесінің, ведомстволық тиесілігінің өзгеруі (егер олар сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктерге әкеп соқтырмайтын болса), әуе кемелерін пайдалануды тоқтатқан жағдайда, сондай-ақ пайдаланушы пайдаланғанмен бір типтегі әуе кемелерін меншікке, экипажсыз жалға алған жағдайда, пайдаланушы сертификатына тиісті өзгерістер енгізіледі.
39. Осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген жағдайларда пайдаланушы уәкілетті органға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушы сертификатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге өтінімді жібереді.
40. Өтінімді алған сәттен бастап уәкілетті орган жиырма жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және пайдаланушының сертификатына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Уәкілетті орган мәлімделген әуе кемесін пайдаланушы сертификатына енгізуден бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтінімді алған сәттен бастап он жұмыс күні мерзімде жазбаша түрде дәлелді бас тарту беріледі.";
1, 2 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 31 шілде
Электрондық немесе қағаз құжат нысанындағы Кезекті беру | ||||||
1. Жалпы ақпарат | ||||||
1. Компанияның ресми атауы және саудалық атауы (егер ерекшеленсе): | 2. Телефон, факс және электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, негізгі қызмет орнының мекенжайы. | |||||
Көрсетілетін қызметті алушы ПС № | ||||||
Пайдаланушы | ||||||
Компанияның мекенжайы: | Қосымша қызметтік мекенжайы: | |||||
телефон, факс | Қызмет түрі: | |||||
электрондық пошта мекенжайы: | ||||||
3. Болжамды жұмысты бастау күні: | 4. Айрықша тәртіпте ұшу-пайдалану агенттігі үшін сұрау салынған шартты белгілер (алғашқы беру): | |||||
a) | b) | c) | ||||
5. ИКАО/ИАТА коды (3 әріпті код/егер болса, 2 әріпті) | ||||||
6. Басшылар және негізгі қызметкерлер | ||||||
Тегі | Лауазымы | Телефон, факс, электрондық поштасы | ||||
1) Пайдаланушының басшысы | ||||||
2) Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекциясының басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | ||||||
3) Ұшу қызметінің басшысы | ||||||
4) Ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі басшысы | ||||||
5) Жер үсті қызмет көрсету жөніндегі басшы немесе тағайындалған жауапты тұлға | ||||||
6) Персоналды даярлау жөніндегі қызметтің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | ||||||
7) Авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға | ||||||
8) Бортсеріктер қызметінің басшысы (жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын пайдаланушылар үшін) | ||||||
9) Сапаны бақылау қызметінің басшысы немесе тағайындалған жауапты тұлға |
2. Көрсетілетін қызметті алушының техникалық қызмет көрсету және тасымалдар түрлері |
7. Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуді өз бетімен жүзеге асыруды/техникалық қызмет көрсетуді шарттар негізінде орындауды жоспарлап отыр |
8. Ұсынылатын тасымалдар түрлері: |
Жолаушылар және жүк Жүк Пошта жөнелтілімдері |
3. Әуе кемелері және болжанатын ұшу аудандары туралы ақпарат | ||||||||||||
9. Әуе кемелері туралы деректер (жеке, жалданған): |
10. Болжанатын географиялық ұшу ауданы(-дары): | |||||||||||
1) Түрі, моделі және версиясы бойынша әуе кемелерінің саны: | 2) Жолаушылар креслосының саны және/немесе пайдалы жүктеме (кг., тонн) | |||||||||||
ӘК ұлттық айырым және тіркеу белгілері: | ӘК ең жоғары рұқсат етілген ұшып көтерілу массасы (MTOW): | |||||||||||
ӘК жалдау шарт № | -ден | дейінгі лизинг | ||||||||||
Әуе кемелері иесінің атауы: | ||||||||||||
4. Ұшу түрлері, арнайы шектеулер мен рұқсат беру туралы ақпарат | ||||||||||||
Ұшу түрлері: |
| |||||||||||
Арнайы шектеулер: | ||||||||||||
Арнайы рұқсат берулер/Мақұлдау: | ||||||||||||
RVR (m) | DH (м/ft) | LVTO RVR (m) | ||||||||||
Кеңейтілген пайдалану мүмкіндіктер | ||||||||||||
MNPS | P-RNAV | BRNAV | RNP | |||||||||
RVSM | TCAS | EGPWS | GNSS | |||||||||
LRNS | VOR | IRU/IRS | DME | |||||||||
EDTO: Бастапқы уақыт | Min | ара қашықтығы | NM | |||||||||
Қосалқы әуеайлаққа дейін ең ұзақ ұшу уақыты | ||||||||||||
non-EDTO | Min | GPS Approach | ||||||||||
EFB | Қауіпті жүктер | |||||||||||
5. Авиациялық персоналды дайындау туралы ақпарат | ||||||||||||
11. Ұсынылатын персонал дайындығы (ұшу персоналына арналған пилотажды тренажерлер және/немесе кабиналық персоналға арналған тренажерлық қондырғылар): | ||||||||||||
Қолы: | Күні: | Тегі және лауазымы: | ||||||||||
6. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган толтырады | ||||||||||||
Мынадай құжаттар қоса берілген өтінім түскен күн: | ||||||||||||
Тіркеу нөмірі: | ||||||||||||
Жауапты лауазымды адам: |
Пайдаланушы сертификатын алуға өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжат.
2. Пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттық талаптарға, пайдаланушы Нұсқаулардың ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты қолдау міндеттемесі.
3. Өтініш беруші жарғысының және құрылтай шартының көшірмелері.
4. Өтініш берушінің ақпараты, ол мыналарды қамтиды:
1) өтініш берушінің негізгі деректері мен құрылтайшылары;
2) жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалдарының / жұмыстарының түрлері;
3) ұшу жұмысын ұйымдастыру;
4) ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
5) ұшуды қамтамасыз ету;
6) ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзірлігі;
7) техникалық қызмет көрсету объектілерінің әзірлігі;
8) әуе кемелерінің әзірлігі;
9) авариялық эвакуацияны көрсету және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары.
5. Ұйымдық құрылымы, басқару құрылымы мен қызметі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар.
6. Мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалуын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі бойынша қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау бойынша қызмет;
жер үсті қамтамасыз ету бойынша;
персоналды даярлау бойынша;
авиациялық қауіпсіздік бойынша;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау бойынша.
7. Түрі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі.
8. Авиациялық персонал бойынша ақпарат.
9. Ұшуды жүргізу бойынша нұсқау.
10. Сертификатталған ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 5700 кг. жоғары әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша нұсқау.
11. Техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы.
12. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент).
13. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полистерінің көшірмелері.
14. Пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы.
15. Пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
16. Ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;
17. Жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тізбесі.
18. Сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың көшірмелері.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлық көшірмелері өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылады.
Пайдаланушы сертификаты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
ПАЙДАЛАНУШЫ СЕРТИФИКАТЫ | ||
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | ||
Уәкілетті органның атауы | ||
ПС |
Пайдаланушының атауы |
Пайдаланудағы жедел байланыс: |
Осы сертификат ___________________ қоса беріліп отырған пайдалану ерекшеліктерінде айқындалғандай, Ұшуды орындау жөніндегі нұсқауға және Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына сәйкес коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыру құқығы берілгенін куәландырады. | ||
Берілген күні: |
Лауазымы: Т.А.Ә.А. және қолы: |
Уәкілетті органның атауы
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер) А бөлігі - Жалпы ережелер
1. Осы пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы ____________ № _______ бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларына және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшаға (I бөлім) сәйкес беріледі.
2. Пайдаланушы "________" ұшуды орындауға даярланған.
3. Пайдаланушы "________" коммерциялық әуе тасымалдарын орындау үшін мынадай өндірушілер мен модельдердің әуе кемелерін пайдалануға рұқсат етіледі:
Ішкі және (немесе) халықаралық әуе желілерінде ұшу үшін:
Өндіруші | Моделі | Барынша жүк көтерімділігі мен жолаушы сыйымдылығы |
1 | 2 | 3 |
1-бағанда әуе кемесін өндіруші зауыт көрсетіледі;
2-бағанда әуе кемесінің үлгісі және мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі;
3-бағанда тоннамен немесе килограмммен көрсеткіш және жолаушылар орындарының саны көрсетіледі.
_____________________ ________________________________ __________
(лауазымы) тегі, аты (әкесінің аты бар болса) (қолы)
МО
Берілген күні: 20__ ж. "___" __________
Уәкілетті органның атауы
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер) В бөлігі – Маршруттардағы рұқсаттар мен шектеулер (ұшақтар)
Берілетін уәкілетті орган туралы байланыс ақпараты | ||||
ПС №: ____ Пайдаланушы атауы: ______________________ Күні: ________ | ||||
Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі: | ||||
Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары: Тұрақты; Тұрақты емес; Жолаушылар; Жүктер; Өзгелер ________________ | ||||
Ұшу ауданы(-дары): | ||||
Арнайы шектеулер: | ||||
Арнайы рұқсаттар: | Иә | Жоқ | Арнайы бекітулер | Ескертпелер |
Қауіпті жүктер | Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады | |||
Нашар көрінетін жағдайларда ұшу: |
САТ RVR: м.; DH м.(фут); | |||
RVSM | ||||
EDTO |
Шекті уақыт: _______ мин. | |||
PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер | ||||
Ұшу жарамдылығын сақтау | ||||
EFB | ||||
Өзгелер |
Уәкілетті органның атауы
Пайдалану ерекшеліктері
(пайдаланудағы талаптар мен шектеулер) В/1 бөлігі – Маршруттардағы рұқсаттар мен шектеулер (тікұшақтар)
Берілетін уәкілетті орган туралы байланыс ақпараты | ||||
ПС №: ____ Пайдаланушы атауы: ____________________ Күні: __________ | ||||
Әуе кемесінің моделі: Тіркеу нөмірі: | ||||
Ұшу түрлері: Коммерциялық әуе тасымалдары: Тұрақты;Тұрақты емес; Жолаушылар; Жүктер; Өзгелер ________________ | ||||
Ұшу ауданы(-дары): | ||||
Арнайы шектеулер: | ||||
Арнайы рұқсаттар: | Иә | Жоқ | Арнайы бекітулер | Ескертпелер |
Қауіпті жүктер | Қауіпті жүктерді тасымалдау ИКАО Техникалық нұсқаулықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады | |||
Нашар көрінетін жағдайларда ұшу: |
САТ RVR: м.; DH: м. (фут); | |||
PBN жағдайларында ұшу үшін навигациялық ерекшеліктер | ||||
____ сыныптағы ҰТС тікұшақтарымен АҰҚ бойынша ұшу | ||||
Сыртқы ілмектегі жүкпен ұшу | ||||
Ұшу жарамдылығын сақтау | ||||
EFB | ||||
Өзгелер |