Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 01.07.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемесі ақылы негізде көрсететін қызметтерге тарифтер бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 01.07.2020 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және еңгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 3 тамыздағы № 412 бұйрығымен бекітілді |
Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің ақылы негізде көрсетілетін қызметтеріне тарифтер
Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 14.09.2021 № 628 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Р/с | Мекеменің (филиалдың) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
1 сағаттан айына 12 сабақ | бір рет болу | |||||
ересек адам | балалар | ересек адам | балалар | |||
043-ші көрсетілетін қызметтер түрі – Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер | ||||||
1 | Спорт комитеті – Орталық спорт клубы | Тренажер залындағы дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері | 8 000 | |||
Жүзу бассейніндегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері | 11 000 | 8 000 | 1 200 | 700 | ||
Спорт залындағы және жүгіру жолағындағы дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері | 6 000 | |||||
2 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилов к.) | Спорт және ойын залындағы дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері | 3 000 | |||
Жүзу бассейніндегі дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері | 10 000 | 6 000 | 1 200 | 700 | ||
044-ші көрсетілетін қызметтер түрі – Қарулы Күштерге ведомстволық тиесілігі жоқ жеке және заңды тұлғалардың спорттық іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі бойынша көрсетілетін қызметтер (жарыстарды, арнайы кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу) | ||||||
Р/с | Мекеменің (филиалдың) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
3 | Спорт комитеті – Орталық спорт клубы | Бір спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу (тұру және спорттық объектілерде жаттығу процесі), 1 тәулік үшін | 3 000 | |||
Бір спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу (тұру, тамақтану, спорттық объектілерде жаттығу процесі және трансфер), 1 тәулік үшін | 6 000 | |||||
Спорт залында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 15 000 | |||||
Кіші спорт залында және ойын залында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 5 000 | |||||
Футбол алаңында және жүгіру жолағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 25 000 | |||||
Мини-футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 12 500 | |||||
Жүзу бассейнінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 12 000 | |||||
4 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилов к.) | Бір спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу (спорттық жабдық пен спорттық құрылысты ұсынумен тұру) 1 тәулік үшін | 2 000 | |||
Спорт залында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 5 000 | |||||
Футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 7 000 | |||||
Мини-футбол алаңында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 3 500 | |||||
Жүзу бассейнінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, 1 сағат үшін | 12 000 | |||||
5 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Бір спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу(тұру және спорттық объектілерде жаттығу процесі), 1 тәулік үшін | 3 000 | |||
Бір спортшыға оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру және өткізу (тұру, тамақтану, спорттық объектілерде жаттығу процесі), 1 тәулік үшін | 6 000 | |||||
045-ші көрсетілетін қызметтер түрі – Спорттық құрал-жабдықты және спорттық құрылыстарды ұсыну бойынша көрсетілетін қызметтер | ||||||
Р/с | Мекеменің (филиалдың) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
6 | Спорт комитеті – Орталық спорт клубы | Спорттық құрылысты ұсыну (көркем гимнастикаға арналған спорттық платформа, жекпе-жек күрес залы, спорттың ойын түрлеріне арналған зал, теннис корты, спорт залы, тренажер залы, әскери-қолданбалы және қолданбалы спорт түрлері платформасы), 1 сағат үшін | 10 000 | |||
Спорттық құрылысты ұсыну (тир), 1 сағат үшін | 12 000 | |||||
Спорттық құрылысты ұсыну (футбол алаңы), 1 сағат үшін | 15 000 | |||||
Спорттық құрылысты ұсыну (футбол алаңының жартысы және мини-футбол алаңы), 1 сағат үшін | 7 500 | |||||
Спорттық құрылысты ұсыну (кіші спорт және ойын залы), 1 сағат үшін | 4 000 | |||||
Спорттық құрылысты ұсыну (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) | 3 000 | |||||
Спорттық құрал-жабдықты ұсыну (татами, даянг, ринг, күрес кілемі) 1 тәулік үшін | 30 000 | |||||
7 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Алматы облысы, Панфилов к.) | Спорттық құрылысты ұсыну (жүзу бассейні), 1 сағат үшін (1 жолақ) | 3 000 | |||
Спорттық құрылысты ұсыну (спорт залы), 1 сағат үшін | 4 000 | |||||
Спорттық құрылысты ұсыну (футбол алаңы), 1 сағат үшін | 5 000 | |||||
8 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Спорттық құрылысты ұсыну (спорт залы), 1 сағат үшін | 6 000 | |||
Спорттық құрал-жабдықты ұсыну (шаңғы-роллерлік трасса, шаңғы, коньки, плюшкалар, велосипедтер), 1 сағат үшін | 1 500 | |||||
Спорттық құрал-жабдықты ұсыну (скутер, қарда жүретін көлік), 1 сағат үшін | 2000 | |||||
076-шы көрсетілетін қызметтер түрі – Санаторийлік-курорттық қызмет және медициналық оңалту бойынша көрсетілетін қызметтер | ||||||
Р/с | Мекеменің (филиал) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
9 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Медициналық қызметтер (суасты душ-массажы) | 1000 | |||
Медициналық қызметтер (Шарко душы) | 500 | |||||
Медициналық қызметтер (циркуляр, сарқырамалы, төменнен көтерілетін душ) | 500 | |||||
Медициналық қызметтер (булы сауна, самырсынды бөшке) | 2000 | |||||
Медициналық қызметтер (парафин-озокеритті аппликациялар) | 600 | |||||
Медициналық қызметтер (СМВ терапия, УЖЖ терапия) | 600 | |||||
Медициналық қызметтер (ингаляция) | 300 | |||||
Медициналық қызметтер (галокамера) | 400 | |||||
Медициналық қызметтер (жалпы массаж) | 4000 | |||||
Медициналық қызметтер (МЖА, иық буынының, қол массажы) | 800 | |||||
Медициналық қызметтер (арқа және іш массажы) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (бұлшықетке егілетін инъекциялар) | 300 | |||||
Медициналық қызметтер (көктамырға егілетін инъекциялар) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (көктамырға құйылатын инъекциялар) | 1500 | |||||
Медициналық қызметтер (элекросон) | 600 | |||||
Медициналық қызметтер (физиотерапевт дәрігердің қабылдауы) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (кардиолог дәрігердің қабылдауы) | 1000 | |||||
Медициналық қызметтер (ЭКГ) | 500 | |||||
078-ші көрсетілетін қызметтер түрі – Қонақүй қызметтері | ||||||
Р/с № | Мекеменің (филиалдың) атауы | Көрсетілетін қызметтер атауы | Құны (теңге) | |||
10 | Оқу-жаттықтыру орталығы (филиал, Ақмола облысы, Щучинск қ.) | Екі орынды стандарт, 1 тәулік үшін | 5 000 | |||
Люкс, 1 тәулік үшін | 7 500 | |||||
11 | Спорт комитеті –Орталық спорт клубы | Бір орын, 1 тәулік үшін | 2 500 | |||
Бір орынды стандарт, 1 тәулік үшін | 4 000 | |||||
Екі орынды стандарт, 1 тәулік үшін | 5 000 |