"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-6) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Р. Құрманов |
"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Т. Сүлейменов 2017 жылғы 28 тамыз |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 тамыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін
қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен
шығыстарының нормалары
Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарын мүшелеу кезіндегі
ішек-қарыннан тазартылған балық қалдықтарының, ысыраптары мен шығымының
нормалары
(мүшеленбеген, жуылған балық салмағына пайызбен)
Балық түрі | Бағытталған шикізат сипаттамасы | Ішек-қарыннан тазарту кезіндегі қалдықтар | Қансыздандыру, ішек-қарыннан тазарту, тазалау, жуу кезіндегі ысыраптар | Барлық қалдықтар мен ысыраптар | Ішек-қарыннан тазартылған балық шығымы | ||||||
тағамдық | тағамдық емес | барлығы | |||||||||
уылдырық немесе шоғал | бауыр | торсылдақ | шеміршек | жұлын | ішектер | ||||||
Қортпа | уылдырығы бөлінбеген | 15,6 | 0,9 | 0,8 | 0,5 | 0,6 | 3,0 | 21,4 | 2,0 | 23,4 | 76,6 |
уылдырықсыз | 3,5 | 1,1 | 1,0 | 0,6 | 0,6 | 3,5 | 10,3 | 2,0 | 12,3 | 87,7 | |
Бекіре, пілмай | уылдырығы бөлінбеген | 14,6 | 0,9 | 0,6 | 0,9 | 0,9 | 4,2 | 22,1 | 2,4 | 24,5 | 75,5 |
уылдырықсыз | 3,8 | 1,1 | 0,6 | 0,9 | 0,9 | 4,2 | 11,5 | 1,2 | 12,7 | 87,3 | |
Шоқыр | уылдырығы бөлінбеген | 22,8 | 0,9 | 0,6 | 1,0 | 0,9 | 2,5 | 28,7 | 1,2 | 29,9 | 70,1 |
уылдырықсыз | 4,3 | 1,2 | 0,7 | 1,0 | 1,0 | 3,0 | 11,2 | 1,2 | 12,4 | 87,6 |
Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарынан мұздатылған өнім өндіру
кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығысының нормалары
Балық түрі | Бағытталған шикізат салмағына %-бен | Дайын өнімнің бірлігіне шикізат шығысы | |
Мұздату кезіндегі ысыраптар | Дайын өнім шығымы | ||
Бекіре тұқымдас балық | 1,4 | 98,6 | 1,014 |
Жайық-Каспий бассейнінің бекіре тұқымдас балықтарынан салқындай ысталған
балық өнімдерін өндіру кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен
шығысының нормалары
Бағытталған шикізат сипаттамасы | Осы операцияға түскен балық салмағына %-бен қалдықтар мен ысыраптар | Бағытталған шикізат салмағына %-бен | Дайын өнімнің бірлігіне шикізат шығысы | ||||||
еріту, жуу | мүшелеу, тазалау, жуу | тұздау, теңгеру, суда ұстау | ыстау, жинау | барлық қалдықтар мен ысыраптар | дайын өнім шығымы | ||||
барлығы | бүйір еті, жон еті немесе филе | төсі | |||||||
Ішек-қарыннан тазартылған, басымен бірге, мұздатылған бекіре тұқымдас балық | 1,0 | 38,3 | 14,0 | 18,0 | 56,9 | 43,1 | 32,8 | 10,3 | 2,320 |