Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен, телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 11-1-2/446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қазанда № 15905 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № 11-1-4/328қбп бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 13.11.2020 № 11-1-4/328қбп бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары.

      2. Жалпы штат саны 877 адам болатын Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін автомобильдердің шекті саны 646 бірлік көлемінде белгіленсін.

      3. Қызметтік автомобиль – лауазымдарының атауы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналы қатарындағы адамдарға дербес көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль.

      Кезекші автомобиль – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларында көзделген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері персоналына көліктік қызмет көрсетуге арналған жеңіл автомобиль немесе микроавтобус.

      Арнайы автомобиль – болу мемлекеттеріне ресми және жұмыс-сапарларымен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрінің сапарларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Төтенше және Өкілетті Елшілерді олар ресми хаттамалық іс-шараларға қатысқан кезде көліктік қамтамасыз етуге арналған жеңіл автомобиль.

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Құқықтық сараптама басқармасына ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
Қ. Әбдірахманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б.Сұлтанов

      2017 жылғы 2 қазан

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 11-1-2/446 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары


р/с

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы лауазымдарының атауы

Автомобильдер саны

Қозғалтқыштың көлемі, текше сантиметр

қызметтік

кезекші

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі

әрбір штаттық бірлікке -1*



2.

Сенімді уәкіл, Бас консул

әрбір штаттық бірлікке -1


4000-нан артық емес

3.

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, кеңесші уәкіл, Консул-консулдықтың басшысы

әрбір штаттық бірлікке -1


3000-нан артық емес

4.

Осы кестенің 1,2,3 жолдарында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы


штаттық персоналдың екі бірлігіне -1**

3000-нан артық емес

5.

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы


штатық саны 8 немесе одан артық адамнан тұратын Қазақстан Республикасының әрбір шет елдегі мекемесіне 1 микроавтобус

3000-нан артық емес

      Ескерту:

      * осы тармақта көзделген әрбір штаттық бірлікке бір бірлік арнайы автомобиль қосымша бөлінеді;

      ** Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде персоналдың екінші штаттық бірлігі жоқ болған жағдайда, кезекші автомобильдің толық бірлігі беріледі.

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жауапты хатшысының немесе оның міндетін ақарушы адамның бұйрығымен шет мемлекеттерге іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасының ресми делегацияларының және өкілдерінің бару қарқындылығы жоғары болып табылатын болу мемлекеттеріндегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері үшін осы Бұйрықтың 2-тармағымен белгіленген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне арналған автомобильдердің шекті санының шеңберінде кезекші автомобильдердің қосымша саны бөлінеді.

      Осы бұйрық қолданысқа енген сәтте немесе кейіннен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің штаттық кестесі өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі автомобильдердің нақты санының артылуы автокөліктердің физикалық тозуы салдарынан есептен шығарылуына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі басқа мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынышты ұйымдардың теңгеріміне және Қазақстан Республикасының өзге де заңды тұлғаларына тапсырылуына қарай Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамасыз етудің осы заттай нормаларына сәйкес келтіріледі.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері автомобильдер үшін ай сайынғы жүріс шектеулерін өз бетінше орнатады, бірақ ол автомобильдер санын айына 2600 (екі мың алты жүз) шақырымдық есептік нормасына көбейту арқылы есептелетін сол Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі бойынша автомобильдердің жалпы шегінен аспауы тиіс.

      Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін автомобильдермен қамтамсыз етудің осы заттай нормаларындағы автомобильдер үшін жүріс шегі шет елдегі мекеменің персоналын қызметтік қажеттілік бойынша жақын елді мекендерге автомобильмен жіберген жағдайлардағы жүрісті қамтымайды.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 11-1-2/446 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормалары


р/с

Телефон байланысы түрлерінің атауы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы лауазымдарының атауы

1

2

3

1.

Қалалық нөмірлері бар телефон байланысы

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы

2.

Болу мемлекетінің ішіндегі қалааралық телефон байланысы*

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы

3.

Халықаралық телефон байланысы

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, Сенімді уәкіл, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, Бас консул, кеңесші уәкіл, Консул – консулдықтың басшысы, аға бухгалтер, бухгалтер, кеңсе меңгерушісі, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес консулдық функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің қызметкері

4.

Ұялы байланыс**

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйым жанындағы Тұрақты өкілі, консулдық мекеменің басшысы, консулдық бөлімнің басшысы немесе бөлім болмаған жағдайда, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес консулдық функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметкері

5.

Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің кезекші нөмірі бойынша ұялы байланысы***

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің персоналы

      Ескерту:

      *Телефон байланысының бұл түрі стационарлық телефоннан ұялы байланыс желілеріне қоңырауларды да қамтиды;

      ** Ұялы байланысты қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеу ұялы байланыс қызметін алу фактісін растайтын құжаттардың негізінде ай сайын жүзеге асырылады, бірақ осы кестенің 4-тармағында көзделген адамдардың шетел валютасындағы ай сайынға лауазымдық айлықақысының 3 пайызынан аспайтын көлемде;

      ***Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесін кезекші нөмір бойынша ұялы байланысымен қамтамасыз ету шығындарын өтеу ұялы байланыс қызметін алу фактісін растайтын қужаттардың негізінде ай сайын жүзеге асырылады, бірақ болу мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісінің ай сайынға лауазымдық айлықақысының 0,5 пайызынан аспайтын көлемде.

      Сондай-ақ, телефон байланысымен Қазақстан Республикасы Төтенше және Өкілетті Елшілерінің, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдерінің резиденциялары қамтамасыз етіледі.

Об утверждении натуральных норм обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями, телефонной связью

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 29 сентября 2017 года № 11-1-2/446. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 октября 2017 года № 15905. Утратил силу приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 13 ноября 2020 года № 11-1-4/328дсп.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра иностранных дел РК от 13.11.2020 № 11-1-4/328дсп.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 69 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) натуральные нормы обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) натуральные нормы обеспечения загранучреждений Республики Казахстан телефонной связью согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Предельное количество автомобилей для загранучреждений Республики Казахстан общей штатной численностью 877 человек установить в количестве 646 единиц.

      3. Служебный автомобиль – легковой автомобиль, предназначенный для персонального транспортного обслуживания лиц из числа персонала загранучреждений Республики Казахстан, наименования должностей которых предусмотрены в натуральных нормах обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями.

      Дежурный автомобиль – легковой автомобиль либо микроавтобус, предназначенный для транспортного обслуживания персонала загранучреждений Республики Казахстан, предусмотренного в натуральных нормах обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями.

      Специальный автомобиль – легковой автомобиль, предназначенный для обеспечения визитов глав государства и правительства, Министра иностранных дел Республики Казахстан, прибывающих в государство пребывания с официальными и рабочими визитами, или визитами проездом, а также для транспортного обеспечения чрезвычайных и полномочных послов при их участии в официальных протокольных мероприятиях.

      4. Департаменту материально-технического обеспечения Министерства иностранных дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Управление юридической экспертизы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений о выполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1), 2), 3), 4) настоящего пункта.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Ответственного секретаря Министерства иностранных дел Республики Казахстан Карашева А.Б.

      6. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
К. Абдрахманов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министра финансов
Республики Казахстан
__________________Б. Султанов
2 октября 2017 года

  Приложение 1
к приказу Министра
иностранных дел
Республики Казахстан
от 29 сентября 2017 года
№ 11-1-2/446

Натуральные нормы обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями

№ п/п

Наименование должности персонала загранучреждений Республики Казахстан

Количество автомобилей

Объем двигателя, в кубических сантиметрах

служебных

дежурных

1

2

3

4

5

1.

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан, Постоянный представитель Республики Казахстан при международной организации

1 на каждую штатную единицу*



2.

Поверенный в делах, Генеральный консул

1 на каждую штатную единицу


не более 4000

3.

Заместитель постоянного представителя Республики Казахстан при международных организациях, советник-посланник, консул-руководитель консульства

1 на каждую штатную единицу


не более 3000

4.

Персонал загранучреждений Республики Казахстан, за исключением указанных должностей в строках 1, 2, 3 настоящей таблицы


1 на две единицы штатного персонала**

не более 3000

5.

Персонал загранучреждений Республики Казахстан


1 микроавтобус на каждое загранучреждение Республики Казахстан, штатной численностью от 8 человек и более

не более 3000

      Примечание:

      * дополнительно выделяется одна единица специального автомобиля на каждую штатную единицу, предусмотренной в данном пункте;

      ** при отсутствии второй штатной единицы персонала в загранучреждениях Республики Казахстан, предоставляется полная единица дежурного автомобиля.

      Для загранучреждений Республики Казахстан в государствах пребывания с высокой интенсивностью посещения официальными делегациями и представителями Республики Казахстан, командируемых в иностранные государства, приказом Ответственного секретаря Министерства иностранных дел Республики Казахстан либо лица его замещающего выделяется дополнительное количество дежурных автомобилей в рамках предельного количества автомобилей для загранучреждений Республики Казахстан установленные пунктом 2 настоящего Приказа.

      Превышение фактического количества автомобилей загранучреждений Республики Казахстан на момент введения в действие настоящего приказа либо в последующем, в случае изменения штатных расписаний загранучреждений Республики Казахстан, приводится в соответствие с настоящими натуральными нормами обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями по мере списания автомобилей вследствие физического износа либо в случае передачи на баланс иным загранучреждениям Республики Казахстан, Министерству иностранных дел Республики Казахстан, подведомственным организациям Министерства иностранных дел Республики Казахстан и иным юридическим лицам Республики Казахстан.

      Загранучреждения Республики Казахстан самостоятельно устанавливают лимиты пробега в месяц для автомобилей, но не более общего лимита автомобилей по данному загранучреждению Республики Казахстан, исчисляемого путем умножения количества автомобилей на расчетную норму 2600 (две тысячи шестьсот) километров в месяц.

      В настоящих натуральных нормах обеспечения загранучреждений Республики Казахстан автомобилями лимит пробега для автомобилей не включает в себя пробег в случаях направления персонала загранучреждения на автомобиле в близлежащие населенные пункты по служебной необходимости.

  Приложение 2
к приказу Министра
иностранных дел
Республики Казахстан
от 29 сентября 2017 года
№ 11-1-2/446

Натуральные нормы обеспечения загранучреждений Республики Казахстан телефонной связью

№ п/п

Наименование видов телефонной связи

Наименование должности персонала загранучреждений Республики Казахстан

1

2

3

1.

Телефонная связь с городскими номерами

Персонал загранучреждений Республики Казахстан

2.

Междугородняя телефонная связь внутри государства пребывания *

Персонал загранучреждений Республики Казахстан

3.

Международная телефонная связь

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан*, Постоянный представитель Республики Казахстан при международной организации*, Поверенный в делах, Заместитель постоянного представителя Республики Казахстан при международной организации, Генеральный консул, советник-посланник, Консул – руководитель консульства, старший бухгалтер, бухгалтер, заведующий канцелярией, сотрудник загранучреждения Республики Казахстан, осуществляющий консульские функции согласно должностной инструкции

4.

Сотовая связь **

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан, Постоянный представитель Республики Казахстан при международной организации, руководитель консульского учреждения, руководитель консульского отдела либо, при отсутствии отдела, сотрудник Посольства Республики Казахстан, осуществляющий консульские функции согласно должностной инструкции

5.

Сотовая связь по дежурному номеру загранучреждения Республики Казахстан ***

Персонал загранучреждений Республики Казахстан

      Примечания:

      * данный вид телефонной связи включает также звонки со стационарного телефона на сети мобильной связи;

      ** возмещение расходов по обеспечению сотовой связью осуществляется ежемесячно на основании документов, подтверждающих факт приобретения услуг сотовой связи, но не более 3% от ежемесячного должностного оклада в иностранной валюте лица, предусмотренного в пункте 4 настоящей таблицы;

      *** возмещение расходов по обеспечению сотовой связью по дежурному номеру загранучреждения Республики Казахстан осуществляется ежемесячно на основании документов, подтверждающих факт приобретения услуг сотовой связи, но не более 0,5% от ежемесячного должностного оклада Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в государстве пребывания.

      Телефонной связью также обеспечиваются резиденции Чрезвычайных и Полномочных Послов Республики Казахстан, Постоянных представителей Республики Казахстан при международной организациях.