Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 17.04.2020 № ҚР ДСМ-39/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15217 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 21 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) үшін өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділердің нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттаманың жобасы;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2- қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
2) санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттама жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттама жобалары;
порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;
3) шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобасы;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобасының электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қосымша:
жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
өкіл жүгінген кезде:
жеке тұлғалар үшін сенімхаттың нотариалды куаландырған көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады).
Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжат және (не сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:
сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;
сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттардың берілген күні;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың қағаз және электронды түрдегі, қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан еспубликасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________________ Д. Абаев
2017 жылғы 21 қыркүйек
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 6 қазан
Нысанның БҚСЖ бойынша коды | ||
ҚазақстанРеспубликасы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы "30" мамырдағы № 415 бұйрығымен | |
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының атауы |
Медицинская документация Форма № 017/у |
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
Санитарно-эпидемиологическое заключение
№ __________
"_______"___________________20 ж. ( г.)
1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (Санитарно-эпидемиологическая экспертиза) ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
(полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы)
________________________________________________________________________________
өтініш, ұйғарым, қаулы бойынша, жоспарлы және басқа да түрде (күні, нөмірі)
________________________________________________________________________________
по обращению, предписанию, постановлению, плановая и другие (дата, номер)
жүргізілді (проведена).
2. Тапсырыс (өтініш) беруші (Заказчик) (заявитель)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Шаруашылық жүргізуші субъектінің толық атауы (тиістілігі), объектінің мекенжайы/
орналасқан орны, телефоны, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)
(полное наименование хозяйствующего субъекта (принадлежность), адрес/
месторасположение объекта, телефон, фамилия, имя, отчество (при наличии) руководителя)
3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің қолданылу аумағы
(Область применения объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы)
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
(қызмет түрі) (вид деятельности)
4. Жобалар, материалдар дайындалды (Проекты, материалы разработаны подготовлены):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Ұсынылған құжаттар (Представленные документы)
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
6. Өнімнің үлгілері ұсынылды (Представлены образцы продукции)
_____________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
7. Басқа ұйымдардың сараптама қорытындысы, егер бар болса
(Экспертное заключение других организации если имеются)
____________________________________________________________________________
қорытынды берген ұйымның атауы (наименование организации выдавшей заключение)
8. Сараптама объектісінің толық санитариялық-гигиеналық сипаттамасы және (көрсетілетін
қызметтерге, процестерге, жағдайларға, технологияларға, өндірістерге, өнімдерге) сараптама
объектісін бағалау (Полная санитарно-гигиеническая характеристика и оценка объекта
экспертизы (услуг, процессов, условий, технологий, производств, продукции)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
9. Құрылыс салуға арналған жер учаскесінің, реконструкция объектісінің сипаттамасы;
өлшемдері, ауданы, топырақ түрі, учаскенің бұрын пайдаланылуы, жер асты суларының тұру
биіктігі, батпақтанудың болуы, желдің басым бағыттары, санитариялық-қорғаныш
аймағының өлшемдері, сумен жабдықтау, кәріздеу, жылумен жабдықтау мүмкіндігі және
қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсері, дүние тараптары бойынша бағдары)
(Характеристика земельного участка под строительство, объекта реконструкции; размеры,
площади, вид грунта, использование участка в прошлом, высота стояния грунтовых вод,
наличие заболоченности, господствующие направления ветров, размеры санитарно-
защитной зоны, возможность водоснабжения, канализования, теплоснабжения и влияния на
окружающую среду и здоровью населения, ориентация по сторонам света;)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
10. Зертханалық және зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер мен сынақтар хаттамалары,
сондай-ақ бас жоспарлардың, сызбалардың, суреттердің көшірмелері (Протоколы
лабораторных и лабораторно-инструментальных исследований и испытаний, а также
выкопировки из генеральных планов, чертежей, фото) _________________________________
________________________________________________________________________________
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды
Санитарно-эпидемиологическое заключение
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама объектісінің толық атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(полное наименование объекта санитарно-эпидемиологической экспертизы) _______________________________________________________________________________
(санитариялық-эпидемиологиялық сараптама негізінде)
(на основании санитарно-эпидемиологической экспертизы)
________________________________________________________________________________
санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге (санитарным правилам и
гигиеническим нормативам) сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді (соответствует или не
соответствует)
________________________________________________________________________________
(нужное подчеркнуть) керектісінің астын сызу
Ұсыныстар (Предложения): ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасы Кодексінің негізінде осы санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындының міндетті күші бар.
На основании Кодекса Республики Казахстан 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и
системе здравоохранения" настоящее санитарно-эпидемиологическое заключение имеет
обязательную силу.
Бас мемлекеттiк санитариялық дәрiгер (орынбасары)
Главный государственный санитарный врач (заместитель) __________________________
Мөр орны тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болғанда), қолы
Место печати фамилия, имя, отчество (при наличии), подпись
Өтініш
Сізден _________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(жобаның атауы)
жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша (құжаттардың көшірмелері):
1.
2.
Қолы
күні, айы, жылы
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 20-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға
арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының №
________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты атап айтқанда:
жоқ құжаттардың атауы:
1) ____________________________;
2) ____________________________;
мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір данадан 2 данада жасалды.
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (қолы)
Орындаушы: тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) _____________
тел.________
Алдым: тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы
20 __ жылғы "____" _______________