"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 532 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7914 болып тіркелген, 2012 жылғы 3 қазанда "Казахстанская правда" № 336-337 (27155-27156) және "Егемен Қазақстан" № 642-647 (27719) газеттерінде жарияланған);
2) "Телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы реттелетін нарық субъектілерінің өндіру (өткізу) көлемдері, табыстылық деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 17 тамыздағы № 532 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 1043 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9119 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті (Ә.Ғ. Қожықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 11 қазан