"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2024 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
С. Жасұзақов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
бастығы
генерал-лейтенант
A. Күреңбеков
2017 жылғы 29 қыркүйек
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов
2017 жылғы 6 қазан
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 455 бұйрығымен бекітілген |
Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жүзуге тыйым салынған және жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Оқу-жаттығулар өткізуді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны және күзету іс-шараларын жүргізу кезінде ішкі теңіз суларында және аумақтық теңізде (бұдан әрі – теңіз) жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген жүзуге тыйым салынған аудандар және жүзуге уақытша қауіпті аудандар белгіленеді.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) гидрографиялық қызмет – теңіз жолдарын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз ету міндеттерін орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі) республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) жүзуге тыйым салынған аудан – онда жүзуге тыйым салынған немесе жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген теңіз ауданы;
3) жүзуге уақытша қауіпті аудан – онда белгілі бір мерзімге жүзуге тыйым салынған немесе жүзу, зәкірге қою, теңіз сүтқоректілерін ұстау, су биологиялық ресурстарын ұстаудың (аулаудың) су түбіндегі құралдарымен балық аулауды, суасты жарылыстарын жүзеге асыру, бос қойылған зәкір шынжырымен жүзу, ұшу аппараттарының ұшып өтуі, қалықтап тұруы және қонуы (су бетіне қонуы) және басқа да қызмет үшін шектелген теңіз ауданы;
4) өтініш беруші – жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін Қорғаныс министрлігіне өтініш беретін мемлекеттік орган немесе ұйым;
5) теңізде жүзушілерге хабарлама – теңізде жүзу құралына (карталарға, лоцияларға) енгізу үшін интернет, факсимильді, телефон және өзге де байланыс құралдары арқылы берілетін навигациялық жағдайдағы өзгерістер туралы гидрографиялық қызмет шығаратын ақпараттық бюллетень.
2-тарау. Жүзуге тыйым салынған аудандарды немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу тәртібі
4. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін Қорғаныс министрлігіне өтініш (бұдан әрі – өтініш) жолдайды.
5. Жүзуге тыйым салынған ауданды немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеу туралы шешім Қорғаныс министрлігі өтінішті алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қабылданады.
6. Өтініш беруші өтініште көзделген мәліметтерді толық немесе нақты ұсынбаған жағдайда Қорғаныс министрлігі өтінішті алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарамай кері қайтарады.
7. Гидрографиялық қызмет өтінішті алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілген географиялық координаталарда жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеу мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін келіседі.
8. Қорғаныс министрлігі гидрографиялық қызметпен келіскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды және "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-5-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілейді немесе жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеуден бас тартады, бұл туралы өтініш берушіні хабардар етеді.
9. Алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2024 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Жүзуге тыйым салынған аудандардың шекаралары теңіз навигациялық карталарында және теңізде жүзуге арналған құралдарда көрсетіледі. Осы аудандарға қатысты өзгерістер теңізде жүзушілерге хабарламаларда жарияланады.
11. Аудан бұл туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда жарияланған сәттен бастап жүзуге тыйым салынған және бұл туралы мүдделі мемлекеттік органдар хабардар етілген сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң жүзуге уақытша қауіпті болып саналады және теңізде жүзушілерге хабарламада көрсетілген мерзімдерде қолданылады.
12. Заңның 8-5-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық жедел штабтың басшысы немесе МКҚ бастығы жүзуге тыйым салынған ауданды белгілеу немесе оны жүзуге ашу туралы шешім қабылдаған кезде жүзуге тыйым салынған ауданның координаталары гидрографиялық қызметтің теңізде жүзушілерге хабарламаны жедел басып шығаруы үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұлттық қорғанысты басқару орталығына беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 30.04.2024 № 450 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Терроризмге қарсы операцияны немесе күзету іс-шараларын жүргізу кезінде аудан республикалық жедел штабтың басшысы немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы шешім қабылдаған сәттен бастап жүзуге тыйым салынған болып саналады.
Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандарды белгілеу үшін өтініш
1. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті аудандардың мақсаттары
және арналуы
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ байланысты
2. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданның белгіленетін
географиялық координаталарының негіздемесі:
1) 1-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
2) 2-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
3) 3-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
4) 4-нүкте: ендігі_______ бойлығы _______
5) ……….
________________________________________________________________________________
(СК-42 координаталары жүйесінде нүктелер сағат тілі бойынша саналады)
3. Ықтимал шиеленіс (авариялық) жағдайларын талдау, олардан сақтандыру жөніндегі
іс-шаралар
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
4. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданды белгілеу себебі мен
қажеттілігінің негіздемесі _________________________________________________________
________________________________________________________________________________
5. Жүзуге тыйым салынған немесе жүзуге уақытша қауіпті ауданға енгізілетін
шектеулер
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(шектеулер түрлері және олардың қолданылу мерзімдері)
6. Қоса берілетін құжаттар:
1) ________________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________________
Ұйымның басшысы (лауазымы) ___________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)
20___ жылғы "___"________