"Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 724 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 желтоқсанда № 16068 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 265 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру", "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ықтиярхат беру", "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" және "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 315 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11203 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылғы 2 шілдеде № 123 (28601) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Азаматтығы жоқ адамдарға куәлiктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердің тұруына ыхтиярхат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және одан шығуды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тiркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартындағы:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неосы мемлекетік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелдемелі жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы келу орны бойынша ішкі істер органдарына мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беру туралы өтініш-сауалнама;

      2) өтініш берушінің ұлттық паспортының көшірмесі және түпнұсқасы, азаматтығы жоқ адамның құжаты, жарамдылық мерзімі өтініш берген күнге күнтізбелік 180 күннен астам болуы тиіс;

      бірлесіп өтініш берген кезде он алты жасқа толмаған баланың жеке басын куәландыратын баланың туу туралы куәлігі немесе басқа құжаттың көшірмесі және түпнұсқасы (салыстыра тексеру үшін);

      3) шет елде тұрақты тұруға рұқсатты растайтын мемлекеттің жазбаша келісімі немесе кету парағы не басқа құжат (босқындар деп танылған немесе Қазақстан Республикасында пана ұсынылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды және егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қытай Халық Республикасынан келетін этникалық қазақтарды қоспағанда);

      4) өтінішхат берушінің қолымен мемлекеттік не орыс тіліндегі өмірбаян;

      5) этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіпте Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың отбасы мүшелерiн қоспағанда, "Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1185 қаулысына сәйкес өзінің төлем қабілеттілігін растау туралы құжат;

      6) азаматтығы тиесілілігі немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген құжат (Қытай Халық Республикасы азаматтарының этникалық қазақтарын қоспағанда, егер өзге халықаралық шарттарда көзделмесе);

      7) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға 14-тен 18 жасқа дейінгі баланың нотариалды куәландырылған келісімі;

      8) өтініш берушіге тұруға тұрғын үй ұсыну және тұрақты тіркеу есебіне қою туралы жеке және заңды тұлғамен нотариалды куәландырылған шарт не нотариалды куәландырылған келісім;

      9) "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 24 қазанда № 7274 болып тіркелді) сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға келуге тыйым салынатын сырқаттардың бар-жоғы туралы шетелдіктің медициналық куәландыру туралы анықтамасы;

      10) мөлшері 35х45 мм бір фотосурет;

      11) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының болмауы және тоқтатылуы туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоқ азаматтығы жоқ адам өтініш берген кезде).

      Осы тармақтың 5), 6) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың жарамдылық мерзімі 180 күннен аспауы тиіс.

      Шет тілінде жасалған құжаттар мемлекеттік не орыс тіліне аударылуы тиіс. Аудармашы қолының түпнұсқалылығы нотариалды куәландырылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасы аумағына ата-анасынан бөлеккелген, көрсетілетін қызметті алушы,жасы он сегізге дейін не егер ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болып табылған жағдайда осы тармақтың 1), 2), 7) -10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ішкі істер органдарына ұсынады.

      Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды ресімдеген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тіркеуі бар не Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушышетелдік не азаматтығы жоқ адам ретінде қайта тіркелуі үшін ішкі істер органдарына осы тармақтың 1), 2), 4), 9), 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы, 1974 жылғы үлгідегі паспорты бар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын не азаматтығы Қазақстан Республикасынына азаматтығына не қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілілігін ішкі істер органдары анықтамаған адамдар тұруын не Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын қосымша құжат ұсынады.

      Адамдардың жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша жауап алудың толық хаттамасын жасайды, онда тексерілетін адам қашан және қайда туылғаны, олардың туу сәтінде ата-аналарының азаматтығы, Қазақстан Республикасына қашан және қандай құжат бойынша келгені, туыстарының қайсысы және қайда тұрғаны, қазіргі уақытта қайда тұратыны, олардың азаматтығы және мән-жайларға және т.б. қарамастан басқа мәселелер көрсетіледі.

      Құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру күнін көрсете отырып, тұрақты тұруға рұқсат беруге құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 266 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоңқолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына (Е.З. Тургумбаев) және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 8 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      ҚазақстанРеспубликасының

      Ұлттық экономика министрі

      _____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 24 қараша

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 315 "Об утверждении стандартов государственных услуг "Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", "Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан", "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан", "Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 октября 2017 года № 724. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 декабря 2017 года № 16068. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 265.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 30.03.2020 № 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 апреля 2015 года № 315 "Об утверждении стандартов государственных услуг "Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", "Выдача удостоверений лицам без гражданства и видов на жительство иностранцам, постоянно проживающим в Республике Казахстан", "Регистрация приема и выхода из гражданства Республики Казахстан", "Присвоение и продление статуса беженца в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11203, опубликован 2 июля 2015 года в газете "Казахстанская правда" № 123 (27999) следующие изменения и дополнение:

      в пункт 1 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в стандарте государственной услуги "Регистрация и выдача разрешения иностранцам и лицам без гражданства на постоянное жительство в Республике Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Результат оказания государственной услуги – выдача разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан (далее – разрешение) по форме, согласно приложению 1 к настоящему стандарту государственной услуги либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 настоящего стандарта государственной услуги.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Для получения государственной услуги, услугополучатель предоставляет в органы внутренних дел по месту пребывания, следующие документы:

      1) заявление-анкету о выдаче разрешения на постоянное проживание в Республике Казахстан по форме, согласно приложению 2 к настоящему стандарту государственных услуг.

      2) копия и подлинник (для сверки) национального паспорта, документ лица без гражданства услугополучателя, срок действия, которых на день подачи заявления свыше 180 календарных дней;

      копия и подлинник (для сверки) свидетельства о рождении или другого документа, удостоверяющего личность ребенка не достигшего шестнадцатилетнего возраста, при совместном обращении;

      3) письменное согласие государства его гражданства, в качестве, которого может служить листок убытия, либо другой документ, подтверждающий разрешение на выезд на постоянное жительство за рубеж (за исключением иностранцев и лиц без гражданства, которые признаны беженцами или которым предоставлено убежище в Республике Казахстан и этнических казахов из Китайской Народной Республики если иное не предусмотрено международными договорами);

      4) автобиографию на государственном либо русском языке, с подписью ходатайствующего;

      5) документ о подтверждении своей платежеспособности согласно Правил подтверждения иностранцами и лицами без гражданства, претендующими на получение разрешений на постоянное проживание в Республике Казахстан, своей платежеспособности в период пребывания в Республике Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2003 года № 1185, за исключением этнических казахов, бывших соотечественников, родившихся или ранее состоявших в гражданстве Казахской Советской Социалистической Республики или Республики Казахстан, а также лиц, имеющих право на приобретение гражданства Республики Казахстан в упрощенном порядке на основании международных договоров Республики Казахстан, и членов их семей;

      6) документ о судимости (отсутствии судимости) в государстве гражданской принадлежности и или постоянного проживания, выданный компетентным органом соответствующего государства (за исключением этнических казахов граждан Китайской Народной Республики, если иное не предусмотрено международными договорами);

      7) нотариально удостоверенное согласие ребенка в возрасте от 14 до 18 лет на постоянное проживание в Республике Казахстан;

      8) нотариально заверенный договор либо нотариально заверенное согласие с физическим или юридическим лицом о предоставлении заявителю жилища на проживание и постановку на постоянный регистрационный учет;

      9) справку о медицинском освидетельствовании иностранца об отсутствии заболеваний, наличие которых запрещает въезд иностранцам и лицам без гражданства в Республику Казахстан в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 сентября 2011 года № 664 "Об утверждении перечня заболеваний, наличие которых запрещает въезд иностранцам и лицам без гражданства в Республику Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 7274);

      10) одну фотографию размером 35х45 мм;

      11) справка об отсутствии или прекращении гражданства другого государства, выданный компетентным органом соответствующего государства (при обращении лица без гражданства не имеющего удостоверения лица без гражданства).

      Срок действия документов, указанных в подпунктах 5), 6), 9) настоящего пункта не более 180 календарных дней.

      Документы, составленные на иностранном языке, подлежат переводу на государственный либо русский язык. Подлинность подписи переводчика нотариально удостоверяются.

      Услугополучатель, до восемнадцатилетнего возраста, прибывший на территорию Республики Казахстан отдельно от родителей либо в случае, если оба родителя являются гражданами Республики Казахстан, представляет документы указанные в подпунктах 1), 2), 7) -10) настоящего пункта.

      Услугополучатель, имеющий постоянную регистрацию на территории Республики Казахстан, оформивший выход из гражданства Республики Казахстан либо утративший гражданство Республики Казахстан, представляет, документы указанные в подпунктах 1), 2), 4), 9), 10) настоящего пункта.

      Услугополучатель проживающий на территории Республики Казахстан имеющие паспорта образца 1974 года, либо проживающие без документов, удостоверяющих личность, принадлежность которых к гражданству Республики Казахстан, либо к гражданству какого-либо государства не установлена органами внутренних дел, дополнительно представляют документ, подтверждающий проживания либо регистрацию на территории Республики Казахстан.

      Для установления личности лиц, органами внутренних дел Республики Казахстан по месту жительства составляется протокол опроса, в котором отражаются, когда и где проверяемые родились, гражданство родителей на момент их рождения, когда и по каким документам прибыли в Республику Казахстан, кто из родственников и где проживал или проживает в настоящее время, их гражданство и другие вопросы в зависимости от обстоятельств и так далее.

      После принятия документов услугополучателю выдается талон о принятии документов на выдачу разрешения на постоянное проживание по форме, согласно приложению 3 к настоящему стандарту государственной услуги с указанием даты выдачи.";

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Министра внутренних дел РК от 30.03.2020 № 266 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету миграционной службы Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан (Тургумбаева Е.З.) и Комитет миграционной службы (Кабденов М.Т.) Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
генерал-полковник полиции
К. Касымов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
________________ Д. Абаев
8 ноября 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
Министр национальной экономики
Республики Казахстан
________________ Т. Сулейменов
24 ноября 2017 года