БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 483 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15075 тіркелген, 2017 жылдың 12 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар және Қазақстан Республикасы Сот сарапшылар Палатасының мүшелері болып табылатын тұлғалар (бұдан әрі – сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімінің нысаны жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және орналастыру үшін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімі
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Білімі, ғылыми дәрежесінің, атағының болуы |
Сарапшылық мамандық (мамандықтар), сот сараптамасыныңбелгілі бір түрін жүргізу құқығына | Аттестат-таудан өткен күні | Сот сараптамалары органдары қызметкерлерініңжұмыс орны және атқаратын лауазымы | Еске-ртпе |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |