"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына және 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республиксының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Атамқұлов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жығы 11 желтоқсандағы № 213/НҚ бұйрығына қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9829 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қарашада жарияланған);
2. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 888 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12145 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған);
3. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қазандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 453 бұйрығы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 маусымда жарияланған).