"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 715 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16155 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 16.05.2018 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15009 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Бағалау жөніндегі комиссияны құрады, оның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті (бұдан әрі – Кадрлар департаменті) болып табылады.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы Кадрлар департаменті кадрлармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Жеке жоспар екі данада жасалады. Бір данасы Кадрлар департаментіне беріледі. Екінші данасы "Б" корпусы қызметшісі құрылымдық бөлімшесінің басшысында болады";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кадрлар департаменті:

      1) Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасымен келісу бойынша бағалау жүргізу кестесін жасайды;

      2) бағалануға тиіс "Б" корпусының қызметшісін және бағалауды жүзеге асыратын адамдарды бағалауды жүргізу басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын бағалау жүргізілетіні туралы хабардар етеді және толтыру үшін оларға бағалау парақтарын жолдайды.";

      21-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпарат көздері ретінде Кадрлар департаментінен, "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысынан құжат түрінде расталған мәліметтер болады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тікелей басшы Кадрлар департаменті ұсынған "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері туралы мәліметтерді ескере отырып, бағалау парағын онда ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мәніне қарайды, оған түзетулер (бар болған жағдайда) енгізеді және оны келіседі.";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жолдау үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар департаменті және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.";

      30-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жолдау үшін кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда Кадрлар департаменті және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.";

      31-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Кадрлар департаменті "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай формула бойынша есептейді:



      мұнда:


– жылдық баға;

– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Кадрлар департаменті Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес Бағалау нәтижелерін қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Кадрлар департаменті Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.";

      35, 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кадрлар департаменті "Б" корпусының қызметшісін ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бағалау нәтижелерімен таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электрондық нысанда жүзеге асырылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізу үшін кедергі болып табылмайды. Бұл жағдайда Кадрлар департаментінің жұмыскері еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт жасайды.

      36. Осы Әдістеменің 33-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы Кадрлар департаментінде сақталады.";

      41-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалау қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің жұмысы қанағаттанарлықсыз болып танылған Кадрлар департаментінің бағыты бойынша жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 марта 2017 года № 105 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 8 декабря 2017 года № 715. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2017 года № 16155. Утратил силу приказом Министра обороны Республики Казахстан от 16 мая 2018 года № 322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра обороны РК от 16.05.2018 № 322 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 9 марта 2017 года № 105 "Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15009, опубликован 20 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Методике оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства обороны Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Для проведения оценки Министром обороны Республики Казахстан создается Комиссия по оценке, рабочим органом которой является Департамент кадров Министерства обороны Республики Казахстан (далее – Департамент кадров).";

      часть вторую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "Секретарем Комиссии по оценке является главный эксперт управления по работе с кадрами Департамента кадров. Секретарь комиссии не принимает участие в голосовании.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается в Департамент кадров. Второй экземпляр находится у руководителя структурного подразделения служащего корпуса "Б".";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Департамент кадров:

      1) формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке;

      2) за десять календарных дней до начала проведения оценки уведомляет служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.";

      часть вторую пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от Департамента кадров, непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".";

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Непосредственный руководитель с учетом представленных Департаментом кадров сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой и исполнительской дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.";

      часть вторую пункта 25 изложить в следующей редакции:

      "Отказ служащего корпуса "Б" от подписания оценочного листа не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае Департаментом кадров и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.";

      часть вторую пункта 30 изложить в следующей редакции:

      "Отказ от подписания оценочного листа служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае Департаментом кадров и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.";

      часть первую пункта 31 изложить в следующей редакции:

      "31. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется Департаментом кадров не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:

     


      где:

– годовая оценка;

     

– средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое значение).";

      пункт 33 изложить в следующей редакции:

      "33. Департамент кадров обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.

      Департамент кадров предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) должностная инструкция служащего корпуса "Б";

      3) проект протокола заседания Комиссии по форме, согласно приложению 4 к настоящей Методике.";

      пункты 35, 36 изложить в следующей редакции:

      "35. Департамент кадров ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не является препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником Департамента кадров в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      36. Документы, указанные в пункте 33 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в Департаменте кадров.";

      часть первую пункта 41 изложить в следующей редакции:

      "41. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению Департамента кадров, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.".

      2. Департаменту кадров Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах на казахском и русском языках в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-лейтенанта Мухтарова Т.С.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
С. Жасузаков