БҰЙЫРАМЫН:
"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 47 (28525) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады.
Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Білім алушы шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабылданған кезде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу алдындағы сынақ нәтижелері.";
6-1 және 6-2 тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Білім алушыларды бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыруға төрт оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беріледі.
Кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасы немесе заңды өкілдері тұрғылықты мекенжайын ауыстырған жағдайда, растау құжаттарын ұсынса, оны каникул кезеңінен басқа уақытта да ауыстыруға рұқсат беріледі.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға мынадай тәртіппен ауысады:
1) білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш береді;
2) білім беру ұйымының басшысы аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығарады және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығарады.";
27, 28 және 29-тармақтар алынып тасталсын;
33, 33-1 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Студенттерді, магистранттарды, резидентура тыңдаушыларын және докторанттарды басқа ЖОО-дан ұлттық ЖОО-ғa ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады.
Бұл ретте, студенттің ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатындағы балл саны кемінде 65 балл, ал "Білім беру", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл және орташа үлгерім балы (GPA - Grade Point Average (Грейд Пойнт Эверейдж)) аталған ұлттық ЖОО-дағы белгіленген ауысу балынан төмен болмауы тиіс.
33-1. Осы ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған жағдайда білім алушыларды шетелдік ЖОО-дан қазақстандық ЖОО-ға ауыстыру ақылы негізде жүзеге асырылады.
34. Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір ЖОО-дан екінші ЖОО-ға ақылы негізде ауыстыру және қайта қабылдау рәсімін ЖОО дербес белгілейді және оның академиялық саясатында көрсетілуі тиіс.
Бұл ретте білім алушының жеке іс қағазында жоғары білім үшін - ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы сертификат немесе магистратура үшін - түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификат немесе шетелдік ЖОО-дан ауысқан тұлғалар үшін – түсу сынақтарының нәтижесі болуы тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |