"Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 16233 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 191 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.05.2020 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 40 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5148 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2008 жылғы 13 наурыздағы № 38 (1264) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақыны есептеу қағидаларында:

      40-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-2. APTIS, IELTS, TOEFL, CEPT, FCE, EMI, TKT CLIL ағылшын тілін білуі жөнінде халықаралық емтиханнан өткендігі туралы құжаты бар, CEFR (Common European Framework of Reference – Шет тілдерді игерудің жалпыеуропалық құзыреттері) шкаласына сәйкес кем дегенде B1-Intermediate деңгейін растайтын немесе дипломның қосымшасына сәйкес ағылшын тілінде пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін тілдік құзыреттілікке ие және ағылшын тілінде физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне базалық лауазымдық жалақыдан 200 % көлемінде қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Қосымша ақы төлеу 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А.Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа еңгізіледі және 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 28 желтоқсан

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 "Об утверждении Правил об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года № 638. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 января 2018 года № 16233. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 мая 2020 года № 191.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 11.05.2020 № 191 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 января 2008 года № 40 "Об утверждении Правил об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5148, опубликован 13 марта 2008 года в газете "Юридическая газета" № 38 (1438)) следующее изменение:

      в Правилах об исчислении заработной платы работников государственных организаций образования, финансируемых за счет средств бюджета, утвержденных указанным приказом:

      пункт 40-2 изложить в следующей редакции:

      "40-2. Учителям государственных организаций образования, имеющим документ о прохождении международного экзамена (теста) на знание английского языка APTIS, IELTS, TOEFL, CEPT, FCE, EMI, TKT CLIL с подтверждением уровня не ниже B1 согласно общеевропейской шкале CEFR (Common European Framework of Reference – Общеевропейские компетенции владения иностранным языком) или имеющим языковые компетенции, позволяющие преподавание предметов на английском языке согласно приложению к диплому, и реализующим учебные программы основного среднего и общего среднего образования по одному из предметов физики, химии, биологии, информатики на английском языке, производится доплата в размере 200% от базового должностного оклада. Начисление доплаты производится с 1 сентября 2017 года.".

      2. Департаменту бюджетного планирования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Джакипова С.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копий в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 сентября 2017 года.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр труда
      и социальной защиты населения
      Республики Казахстан
      ___________Т. Дуйсенова
      29 декабря 2017 года

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр финансов
      Республики Казахстан
      ___________Б. Султанов
      28 декабря 2017 года