Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.06.2023 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 95) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1 тарау. Жалпы ережелер"
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) стационарды алмастыратын көмек-медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмекті, оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді қолдана отырып ұсыну нысаны";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібі".
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсеткен кезде пациентті күн сайын қарап-тексереді, жүргізіліп жатқан емді түзетеді, қажет болған кезде қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулерді және бейінді мамандардың консультацияларын тағайындайды, зорлық-зомбылық фактілері және дене жарақаттары анықталған кезде емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді, медициналық оңалту жүргізеді, жәбірленушілердің жүгіну фактілері және оларға көрсетілген медициналық көмек туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді.";
21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11512 болып тіркелген) айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Пациентті үйдегі стационарда қадағалап-қарау үшін стационарды алмастыратын медициналық көмек алу қажеттілігі кезінде пациентке күндізгі стационарды күнделікті баруға кедергі келтіретін ағзалардың функцияларының бұзылуы, сондай-ақ балаларда тұрақты алмастырушы ферментативті және бактерияға қарсы терапияны алу үшін маусымдық вирустық аурулар кезеңінде оқшаулануды талап ететін инфекциялық асқынулардың жоғары қаупімен байланысты орфандық (сирек кездесетін) аурулардың болуы көрсетілімдер болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |