"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасын Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді тiркеу мемлекеттiк тізілімінде № 11367 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабымен белгіленген, талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.";
2) "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 тамызда жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. Уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Уәкілетті орган өтініш келіп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні мерзімінде құжаттарды қарастырады және химиялық өнімді тіркеу туралы шешім қабылдайды не осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда және негiздер бойынша химиялық өнімді тіркеуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Химиялық өнімді тіркеуден бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:
1) өтініш беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) химиялық өнімді тіркеу туралы куәлігін және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) алу үшін ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау;
2) химиялық өнімді тіркеу үшін қажетті материалдардың, деректер мен мәліметтердің Заңның 14-бабымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы 5 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
________________ Ө. Шөкеев
2017 жылғы 12 желтоқсан
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы 30 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2018 жылғы 10 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
___________ Қ. Бозымбаев
2017 жылғы 27 желтоқсан