Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № С-23/8 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3984 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Көкшетау" және "Степной Маяк" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезекті 9- шы сессия төрайымы |
Р.Арыстанқызы |
Алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы |
Б.Ғайса |
"КЕЛІСІЛДІ"
Көкшетау қаласының әкімі | Е.Маржықпаев |
2017 жылғы "18" сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы |
Б.Каримов |
2017 жылғы "18" сәуір