Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 6С 8/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 5765 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 6С 41/9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 20.07.2020 № 6С 41/9 (ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 - бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қосымшаға сәйкес Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Сәдуақасов М.Н.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "Келісілді"

      Атбасар ауданының әкімі А.Н.Никишов

      20 қаңтар 2017 жыл

  Атбасар аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 20 қаңтардағы
№ 6С 8/3 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Атбасар ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары белгіленсін:

      1) Атбасар қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, орталық алаң;

      2) Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, "Жеңіс сквері".

      2. Атбасар ауданында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты белгіленсін:

      1) Атбасар қаласы, орталық алаңынан Шоқан Уәлиханов көшесінің бойымен Ақан Құрманов көшесінің бұрылысына, әрі қарай Ақан Құрманов көшесінің бойымен Сәкен Сейфулин көшесінің бұрылысына және "Жеңіс скверіне" дейін;

      2) Атбасар қаласы, Ақан Құрманов және Шоқан Уәлиханов көшелері қиылысынан Шоқан Уәлиханов көшесі бойымен орталық алаңға дейін.

      3. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу орындарында:

      1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;

      2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреуге қатысты зәбір көрсетуге шақыратын сөз сөйлеулерге жол берілмейді.

      4. Қоғамдық тәртіп пен пикетк қатысушылардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

      1) түрлі жеке пикеттерге қатысушылар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе бір-біріне айқын көрініп тұруы қажет;

      2) жергілікті атқарушы органдар бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жеке пикеттерді өткізуге рұқсат берулері мүмкін.

      5. Пикет өткізу кезінде:

      1) пикет өткізілетін объектінің маңында тұруға, отыруға;

      2) көрнекі үгіттеме құралдарын пайдалануға;

      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айтуға рұқсат беріледі.

      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрациялар өткізуге рұқсат беруден Атбасар ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу шешімі қабылданған жағдайда, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті тәртіпте хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 20 января 2017 года № 6С 8/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 23 февраля 2017 года № 5765. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 20 июля 2020 года № 6С 41/9

      Сноска. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 20.07.2020 № 6С 41/9 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Дополнительно регламентировать порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе согласно приложению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
районного маслихата
Садвакасов М.Н.
      Секретарь Атбасарского
районного маслихата
Борумбаев Б.А.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Атбасарского района А.Н.Никишов

      20 января 2017 года

  Приложение
к решению Атбасарского
районного маслихата
от 20 января 2017 года
№ 6С 8/3

Дополнительный регламентированный порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Атбасарском районе

      1. Определить местами проведения собраний и митингов в Атбасарском районе:

      1) город Атбасар, улица Шокана Уалиханова, центральная площадь;

      2) город Атбасар, улица Жениса, "Сквер Победы";

      2. Определить маршрут проведения шествий и демонстраций в Атбасарском районе:

      1) город Атбасар, от центральной площади по улице Шокана Уалиханова с поворотом на улицу Акана Курманова, далее по улице Акана Курманова с поворотом на улицу Сакена Сейфулина и до "Сквера Победы";

      2) город Атбасар, от пересечения улиц Акана Курманова и Шокана Уалиханова по улице Шокана Уалиханова до центральной площади.

      3. В местах проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций не допускается:

      1) распитие алкогольных напитков, употребление наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров;

      2) использование транспарантов, лозунгов, иных материалов (визуальных, аудио/видео), а также публичные выступления, содержащие призывы к нарушению общественного порядка, совершению преступлений, оскорблений в адрес кого бы то ни было.

      4. В целях обеспечения общественного порядка и безопасности участников пикета:

      1) участники различных одиночных пикетов должны располагаться друг относительно друга на расстоянии не менее 50 метров или быть в пределах прямой видимости;

      2) местные исполнительные органы могут разрешить проведение в один и тот же день и время, на одном и том же объекте не более трех одиночных пикетов.

      5. При пикетировании разрешается:

      1) стоять, сидеть у пикетируемого объекта;

      2) использовать средства наглядной агитации;

      3) выкрикивать краткие лозунги, слоганы по теме пикета.

      6. В случае получения отказа от акимата Атбасарского района в проведении собрания, митинга, шествия, пикета и демонстрации или когда состоялось решение о его запрещении, уполномоченные (организаторы) незамедлительно принимают меры по отмене всех подготовительных мероприятий и по надлежащему оповещению об этом потенциальных участников.