Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысының негізінде, Есенкелді ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есенкелді ауылының көшелері қайта аталсын:
Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Целинная көшесі Тың көшесіне;
Приозерная көшесі Бәйтерек көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есенкелді ауылының әкімі | Л.Үсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Атбасар ауданының мәдениет | |
және тілдерді дамыту бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесі басшысының | |
міндетін атқарушы | Ж.Қалиякбарова |
2017 жылғы "9"01.
"Атбасар ауданының сәулет және | |
қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | М.Жанабаев |
2017 жылғы "9"01.