Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есіл ауылдық округі әкімінің "Шілікті ауылының көшесіне атау беру туралы" 2010 жылғы 1 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-125 болып тіркелген, 2010 жылғы 16 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, 2010 жылдың 5 наурыздағы Шілікті ауылы тұрғындары жиынның хаттамасын ескере отырып, Есіл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Есіл ауылдық округінің әкімі | Е.Овчинников |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының "Мәдениет | |
және тілдерді дамыту бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Г.Карасаева |
13.01.2017 ж.
Астрахан ауданының "Құрылыс, | |
сәулет және қалақұрылысы бөлімі" | |
мемлекеттік мекемесінің басшысы | Н.Кулаков |
13.01.2017 ж.