РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Первомай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Первомай ауылдық округі әкімінің "Лозовое ауылының көшесіне атау беру туралы" 2010 жылғы 2 шілдедегі № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-133 болып тіркелген, 2010 жылғы 13 тамызында "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Первомай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Первомай ауылдық округінің әкімі |
В.Дембицкий |
"КЕЛІСІЛДІ"
Астрахан ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Г.Карасаева |
12.05.17ж.
Астрахан ауданының "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Н.Кулаков |
12.05.17ж.