Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 мамырдағы № 6С-13/5-17 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 маусымда № 5984 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "6. Әлеуметтік көмек бір жолы және жылына бір рет көрсетіледі.";

      9 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      1) Жеңіс Күніне - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соғысқа қатысушыларға теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;

      2) Қарт адамдар күніне;

      ең төменгі зейнетақы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге;

      3) Мүгедектер күніне:

      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;

      1, 2, 3 топтағы мүгедектерге;

      4) кірістері есептелмей жылына бір рет әлеуметтік көмек келесі азаматтарға (отбасыларына) көрсетіледі:

      қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарға екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен, не оның мүлкіне нұқсан келген азаматтарға (отбасыларына), өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей "Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар бойынша министрлігі Ақмола облысы төтенше жағдайлар бойынша департаменті Ерейментау ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі" мемлекеттік мекемесінің анықтамасы негізінде. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері жүз елу айлық есептік көрсеткішке тең;

      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (онкологиялық аурулармен ауыратын тұлғаларға) дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) кірістері есептелмей жылына бір рет әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға (туберкулезбен ауыратын, амбулаторлық емдеудегі тұлғаларға) дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша әлеуметтік төлем жөніндегі комиссия шешімі бойынша он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде азық-түлік пакеті;

      6) күнкөріс деңгейінен төмен кірісі бар отбасыларға (азаматтарға), жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне (ота);

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 7306 тіркелген) бұйрығымен бекітілген тізбеге кірмейтін дәрілік препараттарды сатып алғандары үшін дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша;

      7) аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз топтарынан шыққан, студенттерге колледждерде бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттеріне - бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу;

      аз қамтылған отбасылардан, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік – әлсіз топтарынан шыққан, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде интернатура бойынша оқитын студенттеріне (Қазақстан Республикасы бойынша тұратын тұрғылықты жеріне қарамастан) - бір оқу жылының оқу шығындарын жыл сайын жүз пайызға өтеу.

      Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың негізінде, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.".

      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Т.Стекольщикова
      Ерейментау аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ.Махметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      12 мамыр 2017 жыл

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе"

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 12 мая 2017 года № 6С-13/5-17. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 5 июня 2017 года № 5984. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 20 апреля 2020 года № 6С-48/5-20

      Сноска. Утратило силу решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Типовыми правилами оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504, Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ерейментауского районного маслихата от 3 октября 2013 года № 5С-19/3-13 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3854, опубликовано 2 ноября 2013 года в районной газете "Ереймен", 2 ноября 2013 года в районной газете "Ерейментау") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Ерейментауском районе, утвержденных указанным решением:

      пункт 6 изложить в новой редакции:

      "6. Социальная помощь предоставляется единовременно и один раз в год.";

      пункт 9 изложить в новой редакции:

      "9. Социальная помощь предоставляется:

      1) ко Дню Победы - 9 мая:

      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны;

      другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны;

      2) ко Дню пожилых людей:

      пенсионерам с минимальной пенсией и государственным социальным пособием по возрасту;

      3) ко Дню инвалидов:

      детям-инвалидам до 18 лет;

      инвалидам 1, 2, 3 групп;

      4) социальная помощь оказывается один раз в год без учета доходов следующим гражданам (семьям):

      репрессированным гражданам в размере двух месячных расчетных показателей;

      гражданину (семье), имеющему ущерб либо его имуществу, причиненного вследствие стихийного бедствия или пожара, не позднее трех месяцев после наступления трудной жизненной ситуации на основании справки государственного учреждения "Отдел по чрезвычайным ситуациям Ерейментауского района Департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан". Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи равен ста пятидесяти месячных расчетных показателей;

      гражданам, имеющим социально-значимые заболевания (лица с онкологическими заболеваниями) в размере пятнадцати месячных расчетных показателей по заключению врачебно - консультационной комиссии;

      5) социальная помощь оказывается один раз в год без учета доходов гражданам, имеющим социально-значимые заболевания (лица больные туберкулезом, находящиеся на амбулаторном лечении), в размере пятнадцати месячных расчетных показателей и продуктовый набор в размере пятнадцати месячных расчетных показателей по решению комиссии по социальным выплатам, по заключению врачебно - консультативной комиссии;

      6) социальная помощь оказывается один раз в год с доходами ниже прожиточного минимума гражданам (семьям) в размере пятнадцати месячных расчетных показателей:

      на оперативное лечение (операция) на основании копии выписного эпикриза из медицинского учреждения;

      на приобретение лекарственных препаратов по заключению врачебно-консультативной комиссии, не входящих в перечень утвержденных Приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2011 года № 786 "Об утверждении Перечня лекарственных средств и изделий медицинского назначения в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе отдельных категорий граждан с определенными заболеваниями (состояниями) бесплатными или льготными лекарственными средствами и специализированными лечебными продуктами на амбулаторном уровне" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан № 7306;

      7) студентам из малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей) – сто процентов возмещение затрат за обучение в колледжах, на один учебный год, ежегодно;

      студентам из малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся в высших медицинских учебных заведениях - сто процентов возмещения затрат за обучение на один учебный год, ежегодно;

      студентам из малообеспеченных семей, социально-уязвимых слоев населения (семей), обучающимся в высших медицинских учебных заведениях в интернатуре (не зависимо от места проживания по Республике Казахстан) – сто процентов возмещения затрат за обучение на один учебный год, ежегодно.

      Выплаты производить на основании копии договора с учебным заведением, договором между акимом района, студентом и работодателем, справки с места учебы и справки, подтверждающей принадлежность заявителя (семьи) к малообеспеченным гражданам (семьям), либо к социально - уязвимым слоям населения за счет районного бюджета.".

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Ерейментауского
районного маслихата
Т.Стекольщикова
      Секретарь
Ерейментауского
районного маслихата
К.Махметов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Ерейментауского района Е.Нугманов

      12 мая 2017 года