Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы әкімінің 29.11.2018 № 8 (арнайы жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 мамырдағы "Ақмола облысының білім беру, спорт және мәдениет ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы" № 261 қаулысына негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшілдер ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қазандағы "Сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 5047 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 30 қарашада жарияланған) № 11 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған шешімнің қосымшада № 370 сайлау учаскесі, жаңа редакцияда баяндалсын:
"№ 370 сайлау учаскесі
Орналасқан орны: Сәуле ауылы, Ақан Сері көшесі, 2 Б құрылысы, Еңбекшілдер ауданы білім бөлімінің "Шәрәпи Әлжанов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесінің ғимараты, телефон 8 (71639) 2-34-74.
Шекарасы: Сәуле ауылы.".
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Н.Нұрғалиевке жүктелсін.
4. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және арнайы жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшілдер ауданының әкімі | А.Қиықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Еңбекшілдер аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
А.Овсянников |
"27" маусым 2017 жыл