2018 жылға арналған Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № С-18/5 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 қаңтарда № 6345 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № С-20/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 27.02.2018 № С-20/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2018 жылға арналған Еңбекшілдер ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көрсетілсін:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Тастанбеков
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С.Шәуенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақмола облысы
Еңбекшілдер ауданының
әкімі
А.Қиықов

      "25" желтоқсан 2017 жыл

О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Енбекшильдерского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2018 год

Решение Енбекшильдерского районного маслихата Акмолинской области от 25 декабря 2017 года № С-18/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 16 января 2018 года № 6345. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 27 февраля 2018 года № С-20/4

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 27.02.2018 № С-20/4 (вводится в действие со дня официального опубликования)
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9946), Енбекшильдерский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Енбекшильдерского района на 2018 год:

      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Председатель сессии
районного маслихата
К.Тастанбеков
      Секретарь районного
маслихата
С.Шауенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Енбекшильдерского
района Акмолинской
области
А.Кииков

      "25" декабря 2017 года