Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңындағы 35-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңындағы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 21 қазандағы қорытындысы негізінде, тұрғындардың пікірін ескере отырып, жергілікті ұйымы жиналысының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №5 хаттамасы негізінде, Тассуат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жаркайың ауданы Тассуат ауылының көшелері қайта аталсын:
1) Тассуат ауылының Советская көшесі Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
2) Тассуат ауылының Набережная көшесі Әлихан Бөкейханұлы көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тассуат ауылының әкімі |
М.Мұратов |