Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5- тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 5ВС-27-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4190 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 мамырдағы "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Б.Жанәділов |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
2017 жыл "31" 03