Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Подгорное ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Подгорное ауылының көшелері қайта аталсын:
Авдеев көшесін Достық көшесіне;
Киров көшесін Бәйтерек көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Подгорное ауылының әкімі |
Қ.Әубәкірова |