2018 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қарашадағы № С-20/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 6198 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 26.01.2018 № С-24/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. 2018 жылға арналған Шортанды ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға көрсетілсін:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
Е.Жапаров
      Аудандық
мәслихаттың хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының
әкімі
Г.Сәдуақасова

      23.11.2017 ж.

О предоставлении специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шортандинского района, подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья на 2018 год

Решение Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 23 ноября 2017 года № С-20/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 29 ноября 2017 года № 6198.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", пунктом 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 "Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9946), Шортандинский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в новой редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с решением Шортандинского районного маслихата Акмолинской области от 26.01.2018 № С-24/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Шортандинского района на 2018 год:

      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья - бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Председатель сессии
районного маслихата
Е.Жапаров
      Секретарь
районного маслихата
Д.Отаров

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Шортандинского
района
Г.Садвокасова

      23.11.2017 г.