Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, кент халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Шортанды кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шортанды ауданы Шортанды кентінің келесі құрамдас бөлектерін қайта атаусын:
Мира көшесі - Бейбітшілік көшесіне;
Восточная көшесі - Ардагер көшесіне;
Новый тұйық көшесі - Азаттық тұйық көшесіне;
Спортивный тұйық көшесі - Көкпар тұйық көшесіне;
Больничный тұйық көшесі - Құлагер тұйық көшесіне;
Безымянный тұйық көшесі - Ынтымақ тұйық көшесіне;
Майский тұйық көшесі - Мамыр тұйық көшесіне;
Школьный тұйық көшесі - Достық тұйық көшесіне;
Железнодорожный тұйық көшесі - Темірқазық тұйық көшесіне;
Октябрьский тұйық көшесі - Қазанат тұйық көшесіне;
Станционный тұйық көшесі - Жетіген тұйық көшесіне;
Садовый тұйық көшесі - Береке тұйық көшесіне;
Целинный тұйық көшесі - Атақоныс тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | Г.Абдрахманова |