Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9987 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының:
1) 1-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері;
2) 2-қосымшасына сәйкес шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдері мен талаптары;
3) 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13 қаулысына 1-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі шығындарды 100%-ға дейін өтеуге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандатуға арналған субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшем бірлік | 1 басқа субсидия нормативі, теңге |
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 |
2. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша шығындарды арзандату*: | х | х |
2.1. | алыс шетелден әкелінген етті бағыттағы шетел селекциясындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 83 000 |
2.2. | 1-санаттағы мүйізді ірі қара мал бордақылау алаңдары | бас | 40 000 |
2.3. | орташа жылдық сауымы 7000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 132 000 |
2.4. | орташа жылдық сауымы 5000 литрден жоғары сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қараның аналық мал басы | бас | 80 000 |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13 қаулысына 2-қосымша |
Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер жеткізушілерге, ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу бойынша тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер және талаптар
№ | Субсидиялау бағытының атауы | Өлшемдер және талаптар |
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | 1. Зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес келетін және жарақталған қолдан ұрықтандыру пунктерінің болуы; 2. Арнайы дайындық курстардан өткен, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінің тізілімінде тіркелген техник-ұрықтандырушылардың болуы. |
2. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларын дайындау және сатып алу шығындарын арзандату | 1. Етті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: мүйізді ірі қара аналық мал басының ақпараттық сараптамалық жүйесі және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында тіркеуде болуы. 2. 1-санаттағы мал бордақылау алаңдары үшін: мүйізді ірі қара малдары ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасында тіркелінуі (ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру базасынан алынған үзіндімен расталады). 3. Орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 7 000 кг кем болмауы тиіс. 4. Орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг асатын сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы үшін: өткен жылдың статистикалық жылдық есебі бойынша бір сиырдан сауылған орташа жылдық сүт көлемі 5 000 кг кем болмауы тиіс. |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қаңтардағы № 13 қаулысына 3-қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия- лар норматив- тері, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия- лар сомасы, мың теңге |
Мал шаруашылығы | |||||
1. | Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру | бас | 5 000 | 10 000 | 50 000 |
Етті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы | бас | 18 000 | 66 418 | 1 195 524 |
2) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 10 100 | 202 000 |
3) | жалпы табындарда етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 1 200 | 124 800 |
2. | Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу | ||||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 4 528 | 697 312 |
2) | импортталған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал | бас | 118 000 | 206 | 24 308 |
3. | Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 1-деңгей | тонна | 300 | 4 000 | 1 200 000 |
2) | 2-деңгей | тонна | 170 | 350 | 59 500 |
3) | 3-деңгей | тонна | 100 | 190 | 19 000 |
4. | Бұқашықтарды бірінші өндіріс деңгейіндегі бордақылау алаңдарына өткізу | бас | 24 000 | 7 700 | 184 800 |
5. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату | бас | * | ** | 539 004 |
Барлық сомасы | 4 246 248 | ||||
Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы | бас | 20 000 | 3 999 | 79 980 |
2) | жалпы табындарда сүтті және қос бағыттағы тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу | бас | 104 000 | 100 | 10 400 |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 154 000 | 500 | 77 000 |
2) | импортталған асыл тұқымды ірі қара мал | бас | 118 000 | 294 | 34 692 |
3. | Сүт өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 1-деңгей, *** | тонна | 37,5 | 8 800 | 330 000 |
2) | 2-деңгей | тонна | 15 | 1 300 | 19 500 |
3) | 3-деңгей | тонна | 10 | 1 000 | 10 000 |
4. | Ірі, шырынды және құрама жемшөп пен жемшөптік қоспаларды дайындау және сатып алу жөніндегі шығындарды арзандату | бас | * | ** | 181 200 |
Барлық сомасы | 742 772 | ||||
Етті бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Құс еті өндірісінің құнын арзандату: | | | | |
1) | 3-деңгей | тонна | 50 | 3 000 | 150 000 |
Барлық сомасы | 150 000 | ||||
Жұмыртқа бағыттағы құс шаруашылығы | |||||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату: | | | | |
1) | 1-деңгей | дана | 3 | 85 000 000 | 255 000 |
Барлық сомасы | 255 000 | ||||
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 98 | 3 750 | 367 500 |
Барлық сомасы | 367 500 | ||||
Қой шаруашылығы (ешкі шаруашылығы) | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 130 000 | 195 000 |
2. | Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу | бас | 8 000 | 9 500 | 76 000 |
3. | Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату | ||||
1) | 1-деңгей | тонна | 200 | 160 | 32 000 |
2) | 2-деңгей | тонна | 100 | 60 | 6 000 |
Барлық сомасы | 309 000 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу | бас | 40 000 | 350 | 14 000 |
2. | Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату | тонна | 92 | 400 | 36 800 |
3. | Қымыз өндірісінің құнын арзандату | тонна | 60 | 200 | 12 000 |
Барлық сомасы | 62 800 | ||||
Түйе шаруашылығы | |||||
1. | Шұбат (биошұбат және жақсартылған шұбат) өндірісінің құнын арзандату | тонна | 55 | 60 | 3 300 |
Барлық сомасы | 3 300 | ||||
ЖИЫНТЫҚ сомасы | 6 186 620 |
* субсидия нормативтері осы қаулының 1-қосымшасындағы 2 тармақтың 2.1., 2.2., 2.3., 2.4. тармақшаларында көрсетілген.
** субсидия көлемі нақты мәлімделген көлемге сүйене отырып анықталады.
*** субсидия нормативін 50% дейін арттыру есебінен (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, өнім өндіруді және оның сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес).