Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 119 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылы 7 сәуірде № 5414 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 27-бабының 2-тармағына сәйкес және Қобда ауданының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отыра, Ақтөбе облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес Бұлақ ауылдық округінің шекаралары, оның құрамынан жалпы көлемі 36451 гектар аумақты, соның ішінде Талдысай ауылын шығара отырып өзгертілсін.
      Жалпы көлемі 84697 гектар Бұлақ ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
      2. Қоса беріліп отырған № 1 схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Талдысай ауылы болып, оның құрамына жалпы көлемі 36451 гектар аумақты, соның ішінде жалпы көлемі 5127 гектар Талдысай ауылын қоса отырып, Талдысай ауылдық округі құрылсын.
      3. Құрсай, Исатай, Жаңаталап ауылдық округтері таратылсын.
      4. Қоса беріліп отырған № 2 схемалық картаға сәйкес Қобда ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына таратылатын Құрсай ауылдық округінің жалпы көлемі 54761 гектар аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 6963 гектар Құрсай ауылын қоса отырып өзгертілсін.
      Жалпы көлемі 65731 гектар Қобда ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
      5. Қоса беріліп отырған № 3 схемалық картаға сәйкес Өтек ауылдық округінің шекаралары, оның құрамына таратылатын Исатай ауылдық округінің жалпы көлемі 96655 гектар аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 13624 гектар Жарсай ауылын қоса отырып өзгертілсін.
      Жалпы көлемі 159659 гектар Өтек ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
      6. Қоса беріліп отырған № 4 схемалық картаға сәйкес, әкімшілік орталығы Терісаққан ауылы болып, оның құрамына жалпы көлемі 38535 гектар Терісаққан ауылы әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 4737 гектар Терісаққан ауылын, сондай-ақ таратылатын Жаңаталап ауылдық округінің жалпы көлемі 19340 гектар аумағын, соның ішінде жалпы көлемі 3368 гектар Жаңаталап ауылын қоса отырып, Терісаққан ауылдық округі құрылсын.
      Жалпы көлемі 57875 гектар Терісаққан ауылдық округінің шекаралары белгіленсін.
      7. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" және "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемелері жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұстауды жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін шешсін.
      8. "Ақтөбе облысының статистика департаменті" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есептік деректеріне тиісті өзгерістерді енгізсін.
      9. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер-кадастр құжаттамаларын Қобда ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысында жасалған өзгерістермен сәйкестендірсін.
      10. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      11. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. САПАРБАЕВ
      Облыстық
мәслихаттың хатшысы
С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА
      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. САДЫҚОВ
      

      

      

      


Об изменениях в административно-территориальном устройстве Хобдинского района

Постановление акимата Актюбинской области от 3 марта 2017 года № 54 и решение маслихата Актюбинской области от 3 марта 2017 года № 119. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 7 апреля 2017 года № 5414

      В соответствии с подпунктами 2), 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", подпунктом 4) пункта 1 статьи 6 и пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и учитывая предложения представительного и исполнительного органов Хобдинского района, акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Актюбинский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Изменить согласно прилагаемой схематической карте № 1 границы Булакского сельского округа, исключив из его состава территорию общей площадью 36451 гектаров, в том числе село Талдысай.
      Установить границы Булакского сельского округа общей площадью 84697 гектаров.
      2. Образовать согласно прилагаемой схематической карте № 1 Талдысайский сельский округ, включив в его состав территорию общей площадью 36451 гектаров, в том числе село Талдысай общей площадью 5127 гектаров, с административным центром в селе Талдысай.
      3. Упразднить Курсайский, Исатайский, Жанаталапский сельские округа.
      4. Изменить согласно прилагаемой схематической карте № 2 границы Кобдинского сельского округа, включив в его состав территорию упраздняемого Курсайского сельского округа общей площадью 54761 гектаров, в том числе село Курсай общей площадью 6963 гектаров.
      Установить границы Кобдинского сельского округа общей площадью 65731 гектаров.
      5. Изменить согласно прилагаемой схематической карте № 3 границы Отекского сельского округа, включив в его состав территорию упраздняемого Исатайского сельского округа общей площадью 96655 гектаров, в том числе село Жарсай общей площадью 13624 гектаров.
      Установить границы Отекского сельского округа общей площадью 159659 гектаров.
      6. Образовать согласно прилагаемой схематической карте № 4 Терисакканский сельский округ, включив в его состав территорию административно-территориальной единицы село Терисаккан общей площадью 38535 гектаров, в том числе село Терисаккан общей площадью 4737 гектаров, а также территорию упраздняемого Жанаталапского сельского округа общей площадью 19340 гектаров, в том числе село Жанаталап общей площадью 3368 гектаров, с административным центром в селе Терисаккан.
      Установить границы Терисакканского сельского округа общей площадью 57875 гектаров.
      7. Государственным учреждениям "Управление экономики и бюджетного планирования Актюбинской области" и "Управление финансов Актюбинской области" решить вопросы планирования и финансирования содержания вновь созданных административно-территориальных единиц.
      8. Государственному учреждению "Департамент статистики Актюбинской области" (по согласованию) внести соответствующие изменения в учетные данные административно-территориальных единиц области.
      9. Государственному учреждению "Управление земельных отношений Актюбинской области" привести в соответствие с произведенными изменениями в административно-территориальном устройстве Хобдинского района земельно-кадастровую документацию.
      10. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата и решения маслихата возложить на руководителя аппарата акима области.
      11. Настоящее совместное постановление акимата и решение маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.
      Аким области Б. САПАРБАЕВ
      Секретарь
областного маслихата
С. КАЛДЫГУЛОВА
      Председатель сессии
областного маслихата
А. САДЫКОВ