Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 249 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 144 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 5543 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № 352 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.09.2019 № 352 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11184 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 249 "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4459 тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 21 (жиырма бір) күнтізбелік күн ішінде түскен құжаттарды қарайды, Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын зерделеу актісін құрайды, қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ЖАО) қаулы жобасын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды, қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына жолдайды;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Нәтиже: көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Нәтиже: көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдау, көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру;".

      2. "Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қатамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

О внесении изменений в постановление акимата Актюбинской области от 9 июля 2015 года № 249 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере семьи и детей"

Постановление акимата Актюбинской области от 18 мая 2017 года № 144. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 20 июня 2017 года № 5543. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 11 сентября 2019 года № 352

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Актюбинской области от 11.09.2019 № 352 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах", приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 13 апреля 2015 года № 198 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в сфере семьи и детей", зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11184, акимат Актюбинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Актюбинской области от 9 июля 2015 года № 249 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере семьи и детей" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4459, опубликованное 11 августа 2015 года в газетах "Ақтөбе" и "Актюбинский вестник") следующие изменения:

      в регламенте государственной услуги "Установление опеки или попечительства над ребенком-сиротой (детьми-сиротами) и ребенком (детьми), оставшимся без попечения родителей", утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 4) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "4) подготовка результата оказываемой услуги – ответственный исполнитель услугодателя в течение 21 (двадцати одного) календарного дня рассматривает поступившие документы, составляет акт обследования жилищно-бытовых условий услугополучателя по форме согласно приложению 3 к Стандарту, готовит проект постановления местного исполнительного органа (далее – МИО) города, района о назначении опеки или попечительства, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги. В случае отказа в оказании государственной услуги руководитель услугодателя в течение 1 (одного) календарного дня рассматривает, подписывает мотивированный ответ об отказе и направляет его специалисту канцелярии услугодателя;";

      в регламенте государственной услуги "Передача ребенка (детей) на патронатное воспитание", утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "1) специалист канцелярии услугодателя в течение 30 (тридцати) минут осуществляет прием, регистрацию представленных согласно пункту 9 Стандарта документов услугополучателя и направляет их на рассмотрение руководителю услугодателя. При приеме документов специалист канцелярии услугодателя выдает услугополучателю расписку о приеме документов.

      Результат: принятие и направление руководителю услугодателя документов услугополучателя, выдача услугополучателю расписки;";

      в регламенте государственной услуги "Постановка на учет лиц, желающих усыновить детей", утвержденном указанным постановлением:

      подпункт 1) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "1) специалист канцелярии услугодателя в течение 30 (тридцати) минут осуществляет прием, регистрацию представленных согласно пункту 9 Стандарта документов услугополучателя и направляет их на рассмотрение руководителю услугодателя. При приеме документов специалист канцелярии услугодателя выдает услугополучателю расписку о приеме документов.

      Результат: принятие и направление руководителю услугодателя документов услугополучателя, выдача услугополучателю расписки;".

      2. Государственному учреждению "Управление образования Актюбинской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Департаменте юстиции Актюбинской области;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на
заместителя акима Актюбинской области Нургалиева Е.Ж.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Актюбинской области Б.Сапарбаев