Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.05.2019 № 175 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11684 болып тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 305 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4516 тіркелген, 2015 жылғы 24 қыркүйекте "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е.Абдуллинге жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 шілдедегі № 235 қаулысына қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 305 қаулысымен бекітілген |
"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Өсімдіктерді қорғау құралдарын өңдірушіден гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды арзандатылған құны бойынша сатып алған кезде "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - қазынашылық) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің немесе отандық өндірушілердің (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) банктік шоттарына тиесілі субсидияларды әрі қарай аудару үшін төлем құжаттарын ұсыну немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11684 тіркелген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға субсидияларды бермеудің себептерін көрсете отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған субсидияларды тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау
4. Стандарттың 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша өтінімдер мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс - әрекеттерді) бастау үшін негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы.
4. Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау
6. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде жүгіну және рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің тәртібін (іс-әрекетін) сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 - тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
2) Мемлекеттік корпорация инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Стандарттың 10-тармағына сәйкес, өтінімді қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, әрі қарай құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде жинақтау секторына береді;
3) жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және 15 (он бес) минут ішінде Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және басшыға ұсынады;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды, құжаттарды қарайды және орындауға жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде олардың сәйкестігін тексереді, теріс шешім қабылданған жағдайда субсидиялар бермеудің себептерін көрсете отырып жазбаша түрде хабардар етеді, оң шешім қабылданған жағдайда субсидиялар төлеу үшін тізімдеме қалыптастырады сонымен қатар Стандарттың 1, 2 - қосымшасына сәйкес субсидияны тағайындау/тағайындамау туралы хабарламасын жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде субсидиялар төлеу үшін тізімдемеге қол қояды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде төлем құжаттарын қалыптастырады және қазынашылыққа ұсынады және кеңсе маманына береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорация курьеріне береді;
10) Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға береді;
7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекетік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |