Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5075 "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4729 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 ақпанда "Ақтөбе" газетінде, 2016 жылғы 15 ақпанда "Актюбинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.А.Уразбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | І.Испанов |