1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 151 "Алға ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3888 тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі атауында және 1 тармағында "ставкаларды","ставкаларымен","ставкалар" деген сөздер "мөлшерлемелерді", "мөлшерлемелерімен", "мөлшерлемелер" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | М. Мұратбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Жұмабаев |