Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 12.09.2018 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылдың 23 қарашадағы № 6-10/144 ұсынысына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі, Аманкелді ауылында орналасқан "Реймкул" шаруа қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында сарып ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі | Е.С. Куспанов |