Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Байғанин аудандық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 70 "Байғанин ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4881 болып тiркелген, 2016 жылдың 26 мамырында аудандық "Жем Сағыз" газетiнде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | М.Аққағазов |