Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 7 "Иманғали Білтабанов атындағы ауылдық округіндегі көшелерді атау және атауларын өзгерту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-117 тіркелген, 2011 жылғы 18 тамызда аудандық "Қобда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімнің деректемелеріндегі "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы";
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және И.Білтабанов атындағы ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 20 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі |
А. Тасмагамбетов |