Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 89 шешімі мен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 болып тіркелген) және "Мәртөк ауданының Казанка селосын - Қазан ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 207 қаулысы мен Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 385 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3216 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 309 "Сайлау өткізу кезеңінде үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4028 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасының 6 жолында "Веренка" сөзі "Достық" сөзімен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасының 31 жолында "Казанка" сөзі "Казан" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулының оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi | Н. Қалауов |