"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 наурыздағы № 65 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 5401 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 397 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 07.07.2020 № 397 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30 бабының 4 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қоса беріліп отырған "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк аудандық мәслихаттың сессия төрайымы М. Тұрлығұлова
      Мәртөк аудандық мәслихат хатшысы Ә. Әлмұхамбетов

  2017 жылғы 10 наурыздағы № 65 Мәртөк аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген

"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аппарат) мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік Мәртөк аудандық мәслихаты хатшысының (бұдан әрі – мәслихат хатшысы) қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәлік мемлекеттік қызметшіге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, жоғалған, сондай-ақ бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда беріледі.

      Мемлекеттік қызметші қызметтік куәлікті алу барысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналында қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      6. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аппараттың кадр жұмысына жауапты қызметкердің сейфінде сақталады.

      7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайларда, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде, қызметтік куәлікті беруге жауапты, кадр жұмысына жауапты қызметкер бұрын берілген қызметтік куәлікті қайтарып алады.

3. Қызметтік куәліктің сипаттамасы

      8. Қызметтік куәліктің мұқабасы көлемі 19 x 6,5 сантиметр (ашып көрсетілген түрінде), күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан тұрады.

      9. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының алтын түсті бейнесі орналасқан, одан төмен типографиялық қаріппен "МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі" деген жазу жазылған.

      10. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі, "Государственное учреждение "АППАРАТ МАРТУКСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА" деген жазулар орналастырылған.

      11. Сол жағында: көлемі 3х4 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), жанында қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

      12. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу, жанында қызметтік куәліктің нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Мәтін орыс тілінде басылады. Одан төмен куәліктің берілген күні көрсетіледі.

4. Қорытынды ережелер

      13. Кадр жұмысына жауапты қызметкер жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырма тексеріс жүргізеді.

      14. Қызметтік куәліктерді толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

      15. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу кадр жұмысына жауапты қызметкерге жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды, бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      16. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша кадр жұмысына жауапты қызметкер қызметтік тексеру туралы өкім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде мәселені қарайды.

      17. Жоғалған қызметтік куәліктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарамсыз деп жарияланады, бұл туралы кадр жұмысына жауапты қызметкер хабардар етіледі.

      Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін кадр жұмысына жауапты қызметкер береді.

      18. Жұмыстан босатылған кезде мемлекеттік қызметші қызметтік куәлікті кадр жұмысына жауапты қызметкерге тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты тұлғаның қолы қойылады.

      19. Жұмыстан босатылған, не бүлінген кезде мемлекеттік қызметшілерімен тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысандағы жою туралы тиісті акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  "Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларына және оның сипаттамасына қосымша
  Нысан

"Мәртөк аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемелекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру есепке алу журналы


Қызмет
тік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, жөні
(болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алынғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі,мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмері мен күні)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Ескертпе: Қызметтік куәліктерін беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп кадр жұмысына жауапты қызметкерінің қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата" и его описания

Решение маслихата Мартукского района Актюбинской области от 10 марта 2017 года № 65. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 5 апреля 2017 года № 5401. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 7 июля 2020 года № 397

      Сноска. Утратило силу решением Мартукского районного маслихата Актюбинской области от 07.07.2020 № 397 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", Мартукский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые к настоящему решению Правила выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата" и его описание.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Мартукского районного маслихата М. Турлыгулова
      Секретарь Мартукского районного маслихата А. Альмухамбетов

  Утверждены решением Мартукского районного маслихата от 10 марта 2017 года № 65

Правила выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата" и его описание 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата" и его описание (далее – Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственным служащим государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата" (далее – аппарат).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим его государственную должность и должностные полномочия.

      3. Удостоверение без соответствующего оформления, с просроченным сроком действия, помарками и подчистками считается недействительным.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      4. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря Мартукского районного маслихата (далее – секретарь маслихата).

      5. Служебное удостоверение выдается государственному служащему при назначении на должность, изменении должности, утере, а также порчи ранее выданного удостоверения.

      При получении служебного удостоверения государственный служащий расписывается в журнале учета выдачи служебного удостоверения государственным служащим аппарата (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      6. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе служащего, ответственного за кадровую работу аппарата.

      7. При вручении служебного удостоверения государственному служащему, впервые принятому на государственную службу, проводится разъяснение по его пользованию и порядке его хранения.

      При замене служебного удостоверения, в случаях предусмотренных пунктом 5 настоящих Правил, ранее выданное служебное удостоверение изымается служащим, ответственного за кадровую работу, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

3. Описание служебного удостоверения

      8. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества бордового цвета, размером 19 х 6,5 сантиметров (в развернутом состоянии).

      9. На лицевой стороне удостоверения по центру расположено изображение Государственного Герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі".

      10. На внутренней стороне удостоверения на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН"; под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой, надписи "МӘРТӨК АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі", "Государственное учреждение "АППАРАТ МАРТУКСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА".

      11. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3х4 сантиметров, рядом указывается номер служебного удостоверения, имя, отчество (при наличии), фамилия, занимаемая должность. Текст печатается на государственном языке, заверяется подписью секретаря районного маслихата и гербовой печатью.

      12. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан, под гербом надпись лазурного цвета "ҚАЗАҚСТАН", рядом указывается номер служебного удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность. Текст печатается на русском языке. Ниже указывается дата выдачи удостоверения.

4. Заключительные положения

      13. Ежегодно, по состоянию на 1 января, служащим, ответственным за кадровую работу, проводится сверка соответствия служебных удостоверений их учетным данным.

      14. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель аппарата районного маслихата.

      15. В случае утраты или порчи служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме служащего, ответственного за кадровую работу, подает объявление в средства массовой информации.

      16. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, а также передачи его другим лицам или использования не по назначению, служащий, ответственный за кадровую работу, в течение десяти рабочих дней со дня издания распоряжения о служебном расследовании проводит служебное расследование, по результатам которого дисциплинарная комиссия аппарата рассматривает вопрос о привлечении виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      17. Утерянные служебные удостоверения через средства массовой информации объявляются недействительными, о чем информируется служащий, ответственный за кадровую работу.

      Новое служебное удостоверение взамен утерянного выдается служащим, ответственным за кадровую работу после проведения служебного расследования.

      18. При увольнении государственный служащий сдает служебное удостоверение служащему, ответственному за кадровую работу.

      На обходном листе при сдаче удостоверения ставится роспись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      19. Служебные удостоверения, сданные государственными служащими при увольнении, либо порче, один раз в год подлежат уничтожению с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

  Приложение к Правилам выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата" и его описания
  Форма

Журнал учета выдачи служебного удостоверения государственных служащих государственного учреждения "Аппарат Мартукского районного маслихата"


Номер служебного удостовере
ния

Фамилия, имя, отчество (при наличии)

Занима
емая должность

Дата выдачи

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Приме
чание

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Примечание: Журнал учета выдачи служебного удостоверения прошнуровывается, пронумеровывается, заверяется подписью служащего, ответственного за кадровую работу, и гербовой печатью.