1. Жайсаң ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 1 "Жайсаң ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-65 болып тіркелген, 2009 жылғы 7 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөздері "ауылдық" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің кіріспе бөлігінде "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" сөзімен ауыстырылсын.
2) Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 06 қыркүйектегі № 1 "Жайсаң ауылдық округі көшелеріне атау беру және атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-8-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазанда "Мәртөк тынысы" аудандық газетінде жарияланған) шешімінде:
қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жайсаң ауылдық округінің әкімі | Ж. Есмухамбетов |