Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданы әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұғалжар ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота:
елуден жүз адамға дейін - екі пайыз мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - үш пайыз мөлшерінде;
екі жүз елу бір адамнан жоғары - төрт пайыз мөлшерінде жұмыс орындары санынан белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Назаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Данағұлов |