Темір ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы № 46 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 5377 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 20.03.2018 № 69 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 - баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темір ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Қалмағанбетовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Темір ауданының әкімі А.Жүсібалиев

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Темирского района

Постановление акимата Темирского района Актюбинской области от 9 марта 2017 года № 46. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 30 марта 2017 года № 5377. Утратило силу постановлением акимата Темирского района Актюбинской области от 20 марта 2018 года № 69

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Темирского района Актюбинской области от 20.03.2018 № 69 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13898), акимат Темирского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Темирского района в размере двух процентов.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ж.Калмаганбетова.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким Темирского района А.Джусибалиев