Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 23 мамырдағы № ВО 3-4/45 ұсынысы негізінде Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округінің Құмжарған ауылы аумағында ірі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 9 "Шектеу іс –шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5044 болып тіркелген, 2016 жылы 8 қыркүйекте № 37 "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығанақ Берсиев атындағы ауылдық округ әкімі |
А. Мубараков |