Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 424 "Хромтау ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 53 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 5362 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімдігінің 26.02.2018 № 43 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Хромтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 желтоқсандағы № 424 "Хромтау ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмыс орындарына квота белгелеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5166 тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 бабтарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2 - тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Шілмановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Бердалин

О внесении изменений в постановление акимата Хромтауского района от 08 декабря 2016 года № 424 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Хромтауского района"

Постановление акимата Хромтауского района Актюбинской области от 3 марта 2017 года № 53. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 29 марта 2017 года № 5362. Утратило силу постановлением акимата Хромтауского района Актюбинской области от 26 февраля 2018 года № 43

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Хромтауского района Актюбинской области от 26.02.2018 № 43 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Хромтауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Хромтауского района от 08 декабря 2016 года № 424 "Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, также лиц освобожденных из мест лишения свободы и граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Хромтауского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5166, опубликованное 29 декабря 2016 года в районной газете "Хромтау") следующие изменения:

      преамбулу указанного постановления изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898, акимат Хромтауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:".

      пункт 2 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Шильманова.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким района А. Бердалин