Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 08.06.2017 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 16-8/09 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түйелердің арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты Айшуақ ауылдық округінің "Оңталап" шаруа қожалығының аумағында орналасқан Оразымбет қыстағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айшуақ ауылдық округінің әкімі | А. Саттыков |